Қарашаның 23-ші жұлдызында оқжетпес орта мектебінде бірінші сабақта «Өзін-өзі тану» пәнінен бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты : «Оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, тәжірибелік дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру».
Аталмыш іс-шараға сынып жетекшілері мен оқушылар белсенді қатысты. Бастауыш буын кезекші сыныптарында ұйымдастырса, орта және жоғарғы буын онлайн мессенджерлері арқылы өткізді. Білім беру жүйесінің мәдени-ізгілендіру функциясына бірінші, рухани құндылығын, рухани дамуын қалыптастыруды ұсынады. Тұлға өмірде кездесетін өмірлік кедергілерді жеңе білуі, екінші, моральдық жауапкершілік; үшінші, тұлға ретінде өзін-өзі іске асыруы; төртінші, тұлғаның рухани адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, бесінші, рухани құндылықтарды аша білуі және шығармашылық тұлға ретінде өзін-өзі іске асыруы.Соған орай сынып жетекшілері сынып сағаты барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын жеткізе алды. Мәселен, Имаканова К.К. 1- сынып оқушыларына « Дұрыс әрекет» құндылығын мультфильм арқылы жеткізе білді. Бастауыш сынып мұғалімдері балалардың жас ерекшелігіне сай шығармашылық жұмыстарды түрлендіре отыра, баллардың бойына бес құндылықты дәріптей алды деп ойлаймын. Жоғары сыныптарда да балалар өз ойларын , көз-қарастарын еркін әрі нақты жеткізе білді. Мұғалімнің сыйына бірі бейнеролик көрсетіп жатса, бірі презентация көрсетіп, бірі әңгімелер арқылы тақырыпты ашып жатыр. Балалар шығармашылық жұмыстарды қызыға орындады. Айталық, жүрекшелеге жылы сөздер жазу, алақан мейірін сыйлау т.б.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік - рухани тәрбие беру. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қазақстандықтардың ортақ тағдыры мен еліміздің бейбітшілік пен прогресс жолында дамуын анықтайтын басты құндылықтар көрініс тапқан. Халқымыздың осы мәңгі рухани құндылықтарды бағалай білуі және бүкіл өміріне ұстаным етіп алуы мемлекетіміздің шынайы қуатын, оның азаматтарының бақытты тағдырын анықтайды. Бүгінгі жоспарланған іс-шара сәтті өтіп, әр жүректе жалпыадамзаттық құндылықтардың ізін қалдырғанына кәміл сенемін.
Имаканова К.К.