"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалпыадамзаттық құндылықтар –өмір негізі» - атты тәрбие сағаты

Мерзімі: 23.11.2020 ж

 «Жалпыадамзаттық құндылықтар –өмір негізі» - атты тәрбие сағаты

 

Тақырыбы:  Жалпыадамзаттық құндылықтар –өмір негізі.

Мақсаты:

 - оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктердің сүйіспеншілік құндылығы арқылы мәнін ашу;

Міндеттері:

- өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;
- оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;
- өнер пен шығармашылық аясында оқушыларға өзін - өзі тану бағдарламасының мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау аясында жүргізілетіндігі туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көстымек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас, шынайы
Көркемдік құралдар: шарлар, Сара Назарбаеваның фотосуреті, бес құндылық бейнеленген өмір ағашы, үлкен етіп жазылған тақырып атауы, интербелсенді тақта, әуендер,ролик, ойындар.
Барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті оқушылар!

Сара Алпысқызы Назарбаева жас ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуы бойынша кең көлемді: «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын ұсынды. «Өзін - өзі тану» пәні – даналықтың шыңы, ол-сүйіспеншілік, ол бақыттың құпиясы, ол адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы. Жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, дүниетанымын қалыптастырып, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше.

1 – оқушы:
Қателігіңді түсіне білу,
Дұрыс жүріп, күтіне білу.
Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,
Күлетін жерде жөнімен күлу.
2 - оқушы:
Сабақты оқып, тәртіпті болу,
Білімді жинап, дүниені шолу.
Өзіңді - өзің тану дегенің,
Өз бойындағы мініңді жою.
Мұғалім: С. Алпысқызы «Өмір әдебі» атты кітабында былай деген - Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың мәңгілік сұрақтарына (Мен кіммін? Менің өмірдегі мақсатым не? Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын? Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?)-деген сұрақтарға жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет деген.

Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау

 

Оқушы:Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің  сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі.

 

2. Өмірмен байланыстыру:

-Бүгін біз, 5 құндылықтың негізгісі сүйіспеншілік туралы сөз қозғаймыз.  Сүйіспеншілшік –дегеніміз не?  Осы сұраққа бірге жауап беріп көрейік.

Сөздің мағңынасын ашу.  “Сүйіспеншілік

Балалар анықтаманы ретімен оқиды.

(Әрбір адам өзіне , ата-анасына , Отанына , туған еліне сүіспеншілікпен қарайды.

 

Әлемдегі барлық жақсылық сүйіспеншілік  арқылы келеді.

 

Адам жүрегі сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік , қамқорлық, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады.Сондықтан да біздің жүрегіміз сүйіспеншілікке толы болу керек)

 

Ассоциациямен жұмыс.

-«Сүйіспеншілік» сөзін естігенде қандай ассоциация келеді?

- Сүйіспеншіліктің қандай түрлері болады? (тақтаға жазады)      


Түйін:  Жалпыадамзаттық құндылықтардың негізін қалаушы сүйіспеншілік құндылығы. Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің  сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Сүйіспеншілікті табиғаттан, ата-анамыздан үйренсек болады.

 

3. Ойын: «Сүйіспеншілік гүлі»

         Балалар, бір-бірімізге сүйіспеншілік сыйлайық. Алдарыңызда тұрған гүлдерге  жылы лебіз, жылы сөздер жазыңыздар. Сыйлаңыздар!

4. Сүйіспенішілік туралы ролик көру, талқылау.

 

https://youtu.be/LxqudWHXZe4

 5. 5 құндылық туралы презентация көрсету. Әр құндылықтың қасиеттерімен танысу.

6. Дұрыс-әрекет туралы ролик көру, талқылау.

https://youtu.be/2-1VwPeD3Po

 

Мұғалім:
Өмірге қызыға қарайсың,
Бәрін де бақытты санайсың.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды ұғынсаң,
Бойыңнан керемет жақсы мінез байқайсың.

Жақсы болыңыздар!!!

Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар

Жақсы нәрсе айтыңыздар

Жақсы нәрсе тыңдаңыздар

Жақсы нәрсе көріңіздер

Жақсы әрекет жасаңыздар

Бақытқа жеткізер жол – осы!

 

      ­Өзгені танымас бұрын, өзгені сынамас бұрын өзімізді-өзіміз танып,  жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстанып, өзімізді рухани жаңғыртайық!

     Узбавева А.Б.

Жаңартылған күні: 25.11.2020 17:10
Құрылған күні: 25.11.2020 17:10

Текст