"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы орта білім беру деңгейінің 1-11-сыныптарына арналған «ӨМІР ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ» жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы

«Өмір қауіпсіздік негіздері» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны да өзгерді және 1998 жылғы оқу жоспарынан ерекшеленді. Білім берудің жаңартылған мазмұнын бөлімдерінің материалдары оқушыларға ғылыми зерттеулер мен іздеу жұмыстарына мүмкіндігінше тәуелсіздік беру, әртүрлі эксперименттер жүргізу және шығармашылық идеяларын көрсету сияқты етіп ұсынылады. Әр бөлімнен кейін өздігінен өз жұмыстарының таныстырылым дайындау жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Білім алушы барлық түрлерін өз бетінше функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған, күнделікті өмірде алған білімін, білігі мен дағдыларын қолдана алады. Практикалық жұмысты орындау кезінде әрбір бөлімінде қызметтің бұл түрі үлгі ретінде берілген. Мұғалім қолда бар материалдарды, құрал-жабдықтарды негізге ала отырып, білім алушыларды бірдей дамыту үшін үлгілік өнімді іске асыру негізінде ұсынуға құқылы.

«Қауіпсіздік және төтенше жағдайда қорғау» бірінші бөлімі «Қауіпсіздік және адамды қорғау» бөліміне ауыстырылды. Практикалық жұмыстарды өткізу және жаңа тақырыпты зерделеу кезінде жаңартылған мазмұнның әрбір бөлімінде көзделген.

«Медициналық білім негіздері және балалар денсаулығын қорғау» екінші бөлімі «Денсаулық негіздері және салауатты өмір салты» және «Медициналық білім негіздері» бөлімдеріне ауыстырылды. 5-сыныптан «Табиғи сипаттағы қауіп», «Техногендік сипаттағы қауіп», «Экстремалды жағдай және қауіпсіздік», «Азаматтық қорғаныс» осы бөлімдер енгізілді.

10-сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-шаралармен таныстырады.

11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бөлім жол қозғалысы ережесін және автокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізуді зерделеу қарастырылады.

 

 

Жаңартылған күні: 19.09.2023 11:44
Құрылған күні: 19.09.2023 11:44

Текст