Текст
Мектепшілік лагердің «Күншуақ» тобының екінші күні. Бүгінгі күнімізді музыка әлеміне арнадық. Балаларды музыка әуені арқылы сергіту сәтін өткіздік. «Музыка әлемінде» әндерді айтып, жаңа әндерді үйренді. Музыкалық аукцион өткізілді. «Бұзылған телефон» ойыны және басқа да ойындар ойнатылды. Балаларға бүгінгі күн қызықты болып, күніміз сәтті өтті.