Оқжетпес орта мектебінің «Күншуақ»
қашықтықтан жазғы мектеп лагері.
Оқжетпес орта мектебінің «Күншуақ» қашықтықтан жазғы мектеп лагері оқушылармен өз жұмыстарын атқарды. Еліміздің көрікті жері «Нұр-Сұлтан» қаласына бейнефильмді көру арқылы экскурсия жасалды. «Нұр – Сұлтан – сен деп соғар жүрегім» тақырыбына оқушыларға сурет сайысы ұйымдастырылды. Өзінің салған суретін Нұрпейіс Әсия, Ахметқали Еркеназ, Кәріп Аяулым, Серік Айнұр, Қанатқызы Шапағат, Қалиақбар Шыңғыс, Шаймерденова Зере ұсынды. "Бабамыздан қалғансың сен домбыра" - тақырыбына оқушылар халқымыздың аспабы домбыра жайлы аңыз жіне шығу тарихы, жасалу жолымен таныстырылды. Домбыраның әсем үнін естіп күй тыңдады. Домбыра аспабы туралы тыңдаған аңызға байланысты Макарина Айдана қызықты әрі тартымды эссе жазды. Халқымыздың құдыретті аспабы "Домбыра - асыл мұра" тақырыбында оқушылар Макарина Айдана, Кәріп Аяулым, Нұрпейіс Әсия, Маратұлы Расул, Исмагулова Айым, Ахметқали Еркеназ, Жексенбай Алуа, Кәріп Кенесары сурет сайысына қатысты. "Нұр-Сұлтан - сен деп соғады жүрегім" тақырыбында караоке ән орындау тапсырылды. Өздерінің таңдауына қарай Астана туралы әнді Нұрпейіс Әсия, Кәріп Аяулым керемет, мәнерлі орындады.
Оқушылардың қызығушылығына өте ризамын. Әрдайым шығармашылықтары артып, биік белестерді бағындыра берсін!
Лагерь мұғалімі: Имаканова Кульмайра Кошановна