"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалпыадамзаттық құндылықтар» бойынша сынып сағатының жоспары

Жалпыадамзаттық құндылықтар» бойынша сынып сағатының  жоспары

 

Мектеп Оқжетпес орта мектебі Мерзiмі 23.11.20

Тақырып: Денсаулыққа апарар жол.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ақниеттілік, саналылық, сергектік

Мұғалiм: Имаканова К.К.

Сынып:1-сынып

 

Сабақ мақсаты: оқушылаға  адамның  жаны мен тәнінің үйлесімділігі туалы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-  оқушыларға жан саулығын ұғындыру арқылы ақниеттілік туралы түсінік беру.

-  оқушыларды жан тазалығына мән беруге үйрету арқылы саналылық қасиетін дамыту..

-  оқушыларды жан мен тән сұлулығын дамытуда ақниеттілік, саналылық, сергектік қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурсы: суреттер,

үнтаспа

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйексөз

«Жаны  саудың – тәні  сау»  

                                                                  халық  мақалы

-  Мақалды қалай түсініп отырсыңдар?

   Денсаулық – баға жетпес байлық. Ниеті түзу, ойы таза  адамның  денсаулығы жақсы болады. Денсаулығың жақсы болу үшін денені шынықтыру керек. Ол үшін уақытыңды, күш жігеріңді аямай жұмсау керек. Денсаулықты күте білсең, ұзақ өмір сүресің. Жанның саулығы тәнді сұлуландырады.

мақал

3. Әңгiмелеу

  «Өсиет әңгіме»

      Ертеде бір қария ұзақ өмір сүріпті. Қарт адамның ойы сергек, зейіні зерек болыпты. Ауыл адамдары қартты өнегелі сөзімен игі ісі үшін жақсы көріпті. Дана қарттың айтқан ақылына үнемі құлақ асып отырыпты. Бірде шәкірттері қарттан жаны мен тәннің саулығының сырын сұрапты. Сонда дана қарт былай деген екен:

- Ең бірінші – ой- санаң таза болсын.

- Екінші- сөзің ақиқат болсын.

- Үшінші -  ісің адал болсын

- Төртінші - ешкімге қиянат жасамайтын бол.

- Бесінші - үнемі денеңді таза ұста.

- Алтыншы - орта тазалығын сақта.

- Жетінші -  денеңді шынықтыр

- Сегізінші -  көп ұйықтама, ерте тұр.

- Тоғызыншы -  артық тамақ ішпе – міне, бұлардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі, - депті

  Сұрақтар:

  • Қарттың жаны мен тәнінің саулығының сыры неде деп ойлайсыңдар?
  • Қарт неліктен бірінші орынға ой – сана тазалығын  қойды?

Өздерің ой – сананы тазарту үшін не істеп жүрсіңдер?

 

Мұғалімнің сыйы

«Алтын бала»

-  Күләш апай ас дайындап жүр. Тамақтың қамырын жаймақ боп дайындаған суының тұзын көрдi де, қабағын шытты:

 Қап, ұмытып кетiппiн-ау... Зәукен, тез Нағима апаңның үйiнен тұз әкеле қойшы!..

Зәукен «жарайды» деп, тұра жөнелдi. Күләш апай қамырын илей алмай тосып отыр. Зәукен келмедi. Әрi күттi, берi күттi. Ақыры шыдамы таусылды.

- Әлгi бала қайда жоғалып кеттi? – деп далаға шығып едi, масаттанып келе жатқан ұлын көрді. – Тұз қайда?!

– Апатай, ұмытып кетiппiн... – дедi де, қайта жүгiрдi. Екеуiнiң сөзiн естiген Бейсен ақсақал дәуiрлеп қоя бердi:

– Зәукен кейiме, келiн! Ол азамат болады. Оны кешiктiрген мен едiм. Үш-төрт күннен берi радиомыз сөйлемей қалған. Бала-шағаға «сендер бүлдiрдiңдер» деп кейiп жатыр едiм. Зәукен жетiп келдi. «Радионың ұстасы қайда?» деп сұрадым. Ол: «Мен жөндеймiн» дедi. «Қой, бұзып аласың» деп сенбеп едiм, ол радионы айналдыра қарады да: «Жөндеуге болады, ата. Мен осыны жөндейтiн үйiрмеге қатысамын» дедi. Рационың қобдиын ашып көрдi. Жiңiшке қызыл сымды бiр бұрандаға қосып бекiтiп едi, радиом саңқылдай жөнелдi. Ой, азамат екен өзi!..

– Зәукендей бала жоқ, алтын бала! Өмiрi ұзақ болсын! – деп Нағима апай да, ақ тiлеуiн айтып жатыр. – Кеше су ала алмай жатыр ем, жүгiрiп келiп су алып, үйге жеткiзiп бердi.

Күләш апайдың көңiлi судай тасыды. Қуанышы қойнына сыймай, шаруасы есiнен шығып кеттi.

– Неге келiп ем, осы? – деп сасқалақтады.

– Тұзға! – дедi Зәукен қолындағы тұзды шешесiне ұсынып.

Суреттер мен слайдтар

4. Шығармашылық жұмыс

Тапсырма

  • Денсаулық тақырыбына сурет салу.

 

суреттерді бояу

6.Топпен ән айту.

Балалар барлығы қосылып ән айтады.

        «Бала тілегі»                                                 Сөзі С.Молдасанұлының

                                                                                 Әні Ф.Жолдасованың

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2рет)

        Болашақтың иесіміз бәріміз,

        Туған жердің түрлендірер нәріміз.

        Алтын бесік-ұлан байтақ елімде

        Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2рет)

 

үнтаспа

 

 

Жаңартылған күні: 25.11.2020 17:06
Құрылған күні: 25.11.2020 17:06

Текст