"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұшқыр ой алаңы» дебат турниры өтті

               Бүгін  мектебімізде  Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік  пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларының  арасында   «Аға буын өкілдерімен қазіргі жастардың арасында айырмашылық бар» деген тақырыпта пікір-сайыс  болып өтті.

     Бұл пікір –сайыстың мақсаты: жастарды сөз өнеріне баулу, жастар арасында  дұрыс  әрекет құныдылығын дәріптей отырып, дұрыс көз-карас қалыптастыру,  үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор көрсетуге тәрбиелеу.

     Осындай мақсатта ұйымдастырылған аталмыш іс-шараға  мектепте 9-11 сынып арасында шамамен 30 оқушы қатысты.  Оқушылар пікір айтуда еш қысылмай, еркін әрі нақты сөйлей білді. Сайыс алаңында өздерін еркін ұстауға үйреніп, өз ойларын, пікірлерін  жетік  айтып, дәлелдей де білді.

     Пікір –сайысты ұйымдастырған қазақ тілі пен әдебиет  пәнінің мұғалімі: Алтынбек Дағыстан.

 

Жаңартылған күні: 10.02.2022 17:35
Құрылған күні: 10.02.2022 17:35

Текст