"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін- өзі тану : Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуына арналған салтанатты жиын

«Өзін- өзі тану : Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»
онкүндігінің ашылуына арналған  салтанатты жиын.

       Бүгін ақпанның бірінші жұлдызында «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Өзін- өзі тану» бойынша онкүндік басталды. Мектеп қабырғасында оқып жүрген  сыныптар арасында салтанатты жиын өтті, ал карантинде отырған сыныптар үшін онлайн түрде өтті.  Салтанатты жиын бастауыш мен орта және жоғары сыныптары үшін жеке ұйымдастырылды. 
      Бұл салтанатты жиынның мақсаты: оқушылардың бойындағы ізгі рухани адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет құндылықтарының мәнін ашу. Осы мақсатты негізге ала отырып , оқушылар мағыналы тақпақтар мен жылы сөздер айтты, тақырыпқа сай әндер шырқалып, тренинг жаттығу да өткізілді. 
    Бастауыш буында да бұл мереке өте қызықты өтті. Екінші сынып мұғалімі Имаканова К.К. басталған апталықтың маңыздылығын, берер өнеге, тәрбиесін кішкентай бүлдіршіндерге ойындар арқылы түсіндіре білді. 
    Балалар бұл мерекелік іс -шараға жауапкершілікпен дайындалып, ұйымдастыруда белсенділік танытты. Онкүндігіміздің ашылу мерекесі ойдағыдай өтті деуге болады. (Мереке сценариі мен фото, бейне материалдар жеке жүктеледі)

 

Өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі: Узбаева А.Б.

Жаңартылған күні: 01.02.2022 16:54
Құрылған күні: 01.02.2022 17:22

Текст