"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сүйіспеншілік жолындағы өмір» атты республикалық бірыңғай өзін-өзі тану сабағын өткізу бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

2022 жылдың 1-11 ақпаны аралығында республика көлемінде «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбындағы бірыңғай өзін-өзі тану сабағымен қорытындыланатын дәстүрлі өзін-өзі тану онкүндігі өткізіледі. Сабақ Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын дамыту мен ілгерілеуіне жасаған қоғамдық қызметіне арналады.  

Бірыңғай өзін-өзі тану сабағы Сара Алпысқызының туған күніне арналған және оқушылардың тұлғалық рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына, олардың жалпыдамзаттық құндылықтардың маңыздылығын ұғынып өмірде қолдануға, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тануға бағытталған.

Сабақтың тақырыбы: «Сүйіспеншілік жолындағы өмір»

Өткізу уақыты: «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» атты республикалық бірыңғай өзін-өзі тану сабағы 2022 жылдың 11 ақпанында білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерінде бір уақытта өткізіледі.

Қатысушылар: Республикалық бірыңғай өзін-өзі тану сабағына балабақша тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, колледждердің білім алушылар қатысады.

Шақырылатын қонақтар: қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, көмек көрсетілген қарт адамдар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, оқушылардың ата-аналары шақырылады.

Сабақты сынып жетекшісі (тәрбиесі, топ кураторы) өткізеді.

Сабақтың ұзақтығы орта мектеп пен колледжде – 45 минут, балабақшада – 25 минут.

Республикалық бірыңғай өзін-өзі тану сабағының өткізілгендігі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде, білім беру ұйымдарының сайттарына қою керек. 

Сабақтың мақсаты: білім алушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің» мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

  • «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының қоғамдық қызметін үлгі ету арқылы «қоғамға қызмет ету» түсінігінің мәні мен мағынасын ашу, оқушылардың қоғамға пайдалы қызметтерінің нәтижесін талдау;
  • шығармашылық жұмыстарды орындауда өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білу дағдыларын дамыту;
  •  өз істерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып адамдарға, табиғатқа көмек көрсетуге тәрбиелеу.

 

 

Жабдықтар мен материалдар:

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының суреті, бейнероликтер, презентациялар, оқушылардың өзін-өзі тану декадасы күндерінде орындаған шығармашыдық жұмыстарының көрмесі, шығармашылық жұмыстарға арналған дайындамасы.

 

Сабақтың ұсынылатын кезеңдері:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі (5 мин.)
  2. Сабақтың дәйексөзімен жұмыс жасау (Сара Алпысқызының сөз сөйлеген кездерінен, мақалалардан нақыл сөздері) (5 мин.)
  3. Сара Алпысқызының қоғамға жасаған қызметі туралы мұғалімнің әңгімесі, бейнекөрініс немесе презентация көрсету (8 мин.)
  4. Көрсетілген материал бойынша рухани-адамгершілік мазмұнында әңгімелесу (7 мин.).
  5. Шығармашылық жұмыс. (15 мин.)
  6. Топпен ән айту. (2 мин.)
  7. Рефлексия (2 мин.)
  8. Мұғалімнің қорытынды сөзі (1 мин.)

 

Сабақтың кезеңдерін өткізуге арналған ұсыныстар

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ұсыныстар: мұғалімнің кіріспе сөзі сабақтың мақсаты туралы, Сара Алпысқызының жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғыртудағы ролі, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының өскелең ұрпаққа, жалпы қоғамға маңызы туралы, бағдарламаның қазіргі таңдағы даму кезеңі туралы ақпаратты қамту керек.

 

  1. Сабақтың дәйексөзімен жұмыс

Ұсыныстар: дәйексөзге«сүйіспеншілік»құндылығы көрініс беретін дәйексөзді таңдау керек. Дәйексөзбен жұмысты ұйымдастыру жүйесі жеке немесе топтық жұмыс ретінде, оны жұптық және топтық жұмыспен үйлестіруді қамтиды.

Төмендегідей тапсырмалар беруге болады:

  1. Дәйексөздің түйінді сөздерін анықтаңыздар.
  2. Дәйексөздің мазмұны бойынша Блум түймедағы бойынша сұрақтар құраңыздар. «Алты жапырақша - алты сұрақ түрлері»;
  3.  Дәйексөзді оқығанда сіздерде қандай пайымдаулар туындады?
  4. Дәйексөздегі негізгі ой қандай?

Дәйексөбен жұмысты ойын түрінде өткізуге болады. Мысалы сөзді дұрыс орналастырып, дәйексөзді құрау т.б.

 

 

  1. Мұғалімнің әңгімесі, мәтінмен жұмыс, Сара Алпысқызының қоғамға қызмет етуі бойынша жұмыстарын көрсететін бейнеролик немесе презентация көрсету

Ұсыныстар:

Мұғалімнің әңгімесінде бағдарлама авторының өмірінен алынған тарихы, оның адамға шынайы қызмет етуі ниеті туралы айтылады. Әңгіме барысында Сара Алпысқызының әрбір өсіп келе жатқан адамға, оның ата-аналарына, педагогтарына жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін, адамның шынайы табиғатын түсінудің маңыздылығын, оның барлығы сүіспеншілік негізінде іске асатынын ашу. Ұзақтығы – 5 минуттан аспайды.

Презентация (бейнеролик) үшін Сара Алпысқызының қайырымдылық қызметі туралы сюжеттер, оның педагогтармен, оқушылармен әңгімелерінің үзінділері таңдалады. Кіріспе сөз кезінде оқушыларға көрген сюжеттерді аяқтағаннан кейін берілген сұрақтарға жауаптарын  талқылау ұсынылады. Ұзақтығы – 5 минуттан аспайды.

4. Әңгіме рухани-адамгершілік мазмұндағы бойынша ұсынылған материал

Ұсыныстар:

Ұсынылған материалды талқылау кезінде оның мазмұнын дұрыс түсінгеніне назар аудару маңызды. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы авторының іс-әрекеттерінде көрініс тапқан қасиеттері туралы әңгімелеу міндетті. Білім алушыларға осы адамгершілік қасиеттердің негізі риясыз сүйіспеншілік туралы маңызын түсінуге көмектесу, сұрақтарға жауап беруді ұсыну: Әр адам адамдарға өз махаббатын бере алады ма? Неге сіз олай ойлайсыз? Адам өмірінде риясыз сүйіспеншіліктің көрінісі не? Негізгі сұрақ оқушылардың жеке тәжірибесіне сүйенген: Күнделікті өмірде сүйіспеншілікті қалай көрсете аласыз? Мысалдар келтіріңіз.

Әңгімелесуді қорытындылай келе, педагог оқушыларға сүйіспеншілікті білдіру – бұл жақсылық екенін, яғни адам өз өмірінің нақты жағдайларында көрсете алатынын айтқаны маңызды. Сүйіспеншілік – адамның шынайы табиғи көрінісі, демек қайырымды іс-әрекет жасай отырып, сен нағыз Адам боласың. Бұл мақсатты «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы өзінің өмірлік ұстанымы ретінде іс-әрекетінде қолданып бізге үлгі ретінде көрсетіп тұр.

5. Шығармашылық жұмыс

Ұсыныстар:

Шығармашылық іс-әрекет өзін-өзі тану декадасының қорытындысы болып табылады, сондықтан сабақта жұмыстың осы кезеңіне алдын ала дайындық көзделеді. Жоспарланған ашық сабаққа дейін шығармашылық жұмысты өткізу түрлерін анықтау және топтарға алдын ала естерінде қатты сақталып қалған жұмыстары бойынша тапсырмалар беру ұсынылады: презентация дайындай, сурет салынған фильм, өткізілген акцияларға байланысты видео, қолөнер жәрмеңкелері, шығармашылық конкурстар, еңбек десанттары және т.б.

Шығармашылық жұмыстарды оқушыларға қайырымды істер идеяларын жинау түрінде сыныпта, мектепте, көшеде, аулада ұйымдастыруға болады.

1. Ережелермен танысу. Ережелерді әзірлеу және осы ережелерді барлығы бірдей, оларды сақтау маңызды.

2. Тапсырманың берілісі. Барлық қатысушылар үшін талқылаудың мақсатын және олардың нәтижесінде не көргісі келетінін нақты белгілеу керек. Мысалы, біздің мектепте қайырымды істі ұйымдастырудың жаңа идеясы қажет.

3. Шешімдерді генерациялау және презентациялау. Жұмысты топтарда ұйымдастыру кажет. Идеяларды кезекпен немесе қалауы бойынша айтуға болады. Ең бастысы барлық ұсыныстарды тіркеу, тіпті мүмкін емес ұсыныстар болсада.

4. Ұсыныстарды бағалау. Ең жақсы ұсынысты қандай ұстаным бойынша таңдайсыз. Мысалы, бұл оңай немесе жылдам орындалу, ең аз бюджет немесе тағы бір нәрсе болуы мүмкін.

Шығармашылық жұмыстар топтарда дайындалады, олардың әрқайсысы сабақтың осы кезеңінде өз нәтижесін көрсетеді. Топтарды түрлі түсті стикерлер қолдану бойынша құруға болады (қызыл түс – бір топ, сары – екінші және т.б.); топ нөмірі көрсетілген карточкалар бойынша; оқушылардың қалауы бойынша.

Білім алушыларды топтарға біріктірудің басқа да нұсқаларын қолдануы мүмкін. Мұғалім бұл ұйымдастыру мәселесін өз сыныбының ерекшеліктеріне қарай шешеді.

Презентация барысында оқушыларға ұсынған материал бойынша түсініктеме беру мүмкіндігі беріледі, мұғалім мен оқушылар (тәрбиеленушілір, студенттер), ашық сабаққа келген қонақтардың сұрақтарына жауап береді.

Презентация аяқталғаннан кейін мұғалім барлық қатысушыларды талқылауға шақыра отырып, шығармашылық жұмыстарды талдайды. Ол үшін сауалнамаларды, сұрақтарды, сонымен қатар ақпараттық технологияларды пайдалана алады. Талдаудың мақсаты – ұжыммен жасалған қайырымды істер оларды біріктіріп, шабыттандырады, адам мен айналасындағы әлемді «Өзін-өзі тану» бағдарлама авторы Сара Алпысқызының жомарттылықпен сыйлаған риясыз сүйіспеншілік ұлы күш арқылы өзертетінін көрсету.

 6. Әндерді ұжыммен орындау.

Әнді ұжыммен орындау үшін өзін-өзі тану сабағында орындалатындардың ішінен терең адамгершілік-рухани мазмұнымен ерекшеленетін әндер таңдалады. (2 мин.).

7. Рефлексия

Ұсыныстар:

Ойланып, болашақты жоспарлауға байланысты рефлексия жүргізуді ұсынамыз. Оқушыларды болашақтағы болатын оқиғаларға жауап беру арқылы дайындау.

- Мен риясыз сүйіспеншілікті көрсету үшін оны қалай жоспарлаймын?

- Мен бүгін не өзгерте аламын?

- Мен қоғамға қалай пайда әкеле аламын?

 

Пайдалануға ұсынылатын кітаптар мен интернет-ресурстар тізімі

 

  1. Назарбаева С.А. «Өмір әдебі».

2.  Назарбаева С.А. «Этика жизни».

 

3. Назарбаева С.А. «Ұстаздан ұлағат».

 

4. Назарбаева С.А. «Путь к себе».

 

5. Назарбаева С.А. «Өзін-өзі тану маржандары/Жемчужины самопознания».

6. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі. «Бөбек» ҰҒПББСО.

7. Роль учителя в программе нравственно-духовного образования «Самопознание». ННПООЦ «Бөбек».

8. Адамзаттың рухани мұрасы (5-11 сын.). Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» ҰҒПББСО.

9. Духовное наследие человечества (5-11 кл.). Методическое пособие для учителей. ННПООЦ «Бөбек».

10. Отбасылық өмір әліппесі (9-11 сын.). Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» ҰҒПББСО.

11. Азбука семейной жизни (9-11 кл.). Методическое пособие для учителей. ННПООЦ «Бөбек».

12. Көшбасшылық мәдениеті (9-11 сын.). Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» ҰҒПББСО.

13. Культура лидерства (9-11 кл.). Методическое пособие для учителей. ННПООЦ «Бөбек».

14. Бірыңғай білім беру кеңістігінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасымен ықпалдасқан тәжірибелік мектептерде сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру. Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» ҰҒПББСО.

15. Организация внеклассной работы в пилотных школах с интеграцией программы нравственно-духовного образования «Самопознание» в единое образовательное пространство. Методическое пособие для учителей. ННПООЦ «Бөбек».

16. «Өмір әдебі» курсы (Адамгершілік әліппесі – 1-4 сын.; Адамгершілік грамматикасы – 5-9 сын.; Ар-ұждан ілімі – 10-11 сын.). Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» ҰҒПББСО.

17. Курс «Этика жизни» (Азбука нравственности – 1-4 кл.; Грамматика нравственности 5-9 кл.; Наука совести – 10-11 кл.). Методическое пособие для учителей. ННПООЦ «Бөбек».

18. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша бейіндік мектептегі элективті ықпалдасқан курстар. Өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» ҰҒПББСО.

19. Элективные интегрированные курсы в профильной школе по программе нравственно-духовного образования «Самопознание». Методическое пособие для учителей самопознания. ННПООЦ «Бөбек.

20. www.ozin-ozi-tanu.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 01.02.2022 15:15
Құрылған күні: 01.02.2022 15:15

Текст