"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалардың қауіпсіздігі үшін өзін ұстау ережелерінің жинағы

Балалардың қауіпсіздігі үшін өзін ұстау ережелерінің жинағы

(Мұны әр бала білуі тиіс)

Өзіңді өзің құтқар, сонда сен

айналаңдағы мыңдаған адамдардың

аман сау болуына септігіңді тигізесің.

Біз бәріміз заманауи және күрделі өмірде өмір сүріп жатырмыз. Өкінішке орай айналамызда қауіп көп. Өзіңді өзің құтқару үшін, өміріңді сақтау үшін, қиындықтардың алдын алу үшін төтенше оқиғалар қандай болады, ол кезде біз өзімізді қалай сақтауымыз керек, қауіпті болдырмау үшін не істеуіміз керек, соған тоқталайық.

 

Көшедегі қауіпсіздік

  • Балалар, сендер уақыттарыңның көп бөлігін далада өткізесіңдер. Кішкентай мектеп оқушылары өзінің мекен жайын, үй телефонын, ата-анасының байланыс телефондарын білулері тиіс. Ойнауға кетіп бара жатып сендер ата-аналарыңа ескертулерің керек. Үйге қашан қайтатындарыңды айтып кетулерің керек. Ата-аналарың рұқсат еткен жерде ғана ойнауға тиіссіңдер.

 

  • Жарық аз түсетін, адам аз жүретін жерлерден қашық жүріңдер.

 

  • Танымайтын адамдардан тәттілер, сыйлықтар, ақшалар алмаңдар. Танымайтын адамның көлігіне отырмаңдар.

 

 

  • Танымайтын адам сенен жоғалып кеткен күшігін, мысығын тауып беруге көмектес деуі мүмкін, затымды апаруға көмектесіп жібер деуі мүмкін, бірге ойнайық немесе фотоға түсейік деуі мүмкін, келіспеңдер.

 

  • Танымайтын адаммен сөйлеспеңдер. Олар сенің қайда тұратыныңды ата-анаңның қайда жұмыс істейтінін білгілері келіп әңгімеге тартуы мүмкін.

 

  • Егер көшеде төбелесіп жатқандарды көрсеңіздер араша түспеңіздер. Ол туралы үлкендерге айтып, полиция шақыруларын өтін.

 

  • Егер топталып келе жатқан адамдар сенен сіріңке табылмай ма, сағат неше болды деген сұрақтар қойып жақындай бастаса, жүріп бара жатып ол заттрадың сенде жоқ екенін айтып, кетіп қалыңыз. Сонда олар сені қоршап алмайды.

 

  • Егер сені көшеде ұстап алып, подъезге кіргізуге талпынса немесе машинаға тықпаласа, немесе басқа жаққа қарай сүйресе, айқайлаңыз, өзіңізге назар аудартыңыз. Егер осындай жағдай ғимарат ішінде болса, өрт деп айқайлаңыз, сонда бұл сөзге бәрі қарайды, жүгіріп адамдар келеді. Өйткені өрт бәріне қауіпті.

 

Жолдағы қауіпсіздік.

Сен әр күн сайын көшеге шығып, жол қозғалысының қатысушысы болып жүрсіз, жол ережесін балалар жиі бұзады, өйткені білмейді. Төмендегі жаднамаларды оқи отырып, негізгі ережелерді есте сақтайық.

Ол мына ережелер:

1. Екі көшенің қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның жасыл шамы жанған кезде ғана көшені кесіп өтуге болады.

2. Жүріп келе жатқан машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

3. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.

4. Көше қиылыстарында бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса өтіңіздер деген сөз көрінгенде ғана көшені кесіп өтуге болады.

5. Аялдамада тұрғанда автомобиль, автобус, троллейбустың тек ары жағынан айналып өт, сонда сен оның соңынд келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.

6. Ал трамвайдың тек алдыңғы жағынан ғана өтуге болады. Әйтпесе қарсы келе жатқан трамвайды көре алмай қалуың мүмкін.

Естеріңде болсын! Жол ережесін сақтағанда ғана сені қауіптен сақтайды.

Балалар! «Болмайды» деген 7 ережені естен шығармаңдар!

  1. Бөгде адаммен көшеде сөйлесуге және танымайтын адамды үйге кіргізуге болмайды.

 

  1. Танымайтын ер адаммен подъезге, лифтіге бірге кіруге болмайды. Кез-келген әйел адамның келуін күт.

 

 

  1. Үлкендерсіз (ата-анаңсыз, мұғаліміңсіз, ересек туысқандарыңсыз) бөгде машинаға отыруға болмайды.

 

  1. Танымайтын адамнан сыйлық алуға, танымайтын адамның үйіне немесе басқа да бір шақырған жерге баруға болмайды.

 

 

  1. Далада көп уақыт, әсіресе түн қараңғылығында жүруге болмайды.

  1. Егер үйде үлкен адамдар жоқ болса, пәтердің есігін ешкімге ашуға болмайды. (танымайтын адам су сұрауы мүмкін,телефон шалайын деп едім, немесе ата-анаңа хат жазып қалдырайын деп едім, құжат тастап кететін едім десе де ашпа)

  1. «Тәуекел топ» адамдарымен байланыс жасауға болмайды. (маскүнемдер, ішкіштер, нашақорлар, сотталғандар), ол сіздің подъезіңізде тұратын көршіңіз болса да,алыс туысқаныңыз болса да.

 

Балалар, естеріңізде болсын!

Осындай қауіпті жағдайда өзіңді осылай ұстауға ұялмаңыз, қайта осы ережелерді міндетті түрде сақтап жүріңіз!

hello_html_208d362b.jpg

Еш уақытта үйде балконға асылма, терезенің алдына шықпа, қауіпті!

 

hello_html_m1e468c76.jpg

Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, ток қосқышқа жанасуға болмайды. Үтікті ұстама. Ол токқа қосылып тұрғанда қатты ыстық болады. Үлкендердің үтіктеп беруін өтін. Өз бетіңше киімді үтіктеме. Қолыңды күйдіріп аласың.

hello_html_346e0bce.jpg

Плитаның үстінде шайнек, таба, кәстрөл тұр. Олар –ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек.

hello_html_6351d684.jpg

Мынау – дәрі салатын қобдиша. Оған тиіспе және үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішуші болма!

 

Мынадай жағдайларда «Жоқ!» деп жауап беруге үйрен!

 

  1. Егер біреу қонаққа шақырса, немесе үйіңе жеткізіп салайын десе, тіпті ол көршіңіз болса да «жоқ» деп айтыңыз.

 

  1. Егер сізді мектептен, бақшадан алып кетуге бөтен адам келсе, ата-анаңыз мұны алдын ала ескертпесе, «жоқ!» деп айтыңыз.

 

 

  1. Егер ата-анаңыз үйде жоқ болып, танымайтын немесе аз танитын адам келіп үйге кіргіз десе, «жоқ» деңіз.

 

  1. Егер бөтен адам сізбен танысу мақсатымен, бірге уақыт өткізу мақсатымен жейтін, ішетін бір нәрсе ұсынса, «жоқ» деңіз.

 

  1. Егер танымайтын адам қандай да бір көшені көрсетіп жібер десе,немесе сөмкесін көтерісіп жіберуін өтінсе, дүкенге дейін жеткізіп салуын өтінсе, «жоқ» деңіз!

 

Балалар! Мынадай фразаларды жаттап алыңыз!

 

  1. Рахмет, маған ата-анам танымайтын үйге қонаққа баруыма тыйым салды.

 

  1. Кешіріңіз, мен ешқайда бармаймын.

 

  1. Менен аулақ кетіңіз, әйтпесе мен айқайлаймын.

 

 

Балалардың жаз кезіндегі өмір қауіпсіздігі ережелері

 

  1. Жаз мезгілінде темір жол торабына бармау, оның маңайына барып ойнамау, егер бара қалған жағдайда абай болу, нақты адам өтетін жолмен жүру. Пойызбен саяхатқа шыққанда пойыз жүріп келіп тоқтамайынша жанына баруға, одан түсуге болмайды.

 

  1. Көшеде жол жүру ережелерін сақтау, жолдан өтетін кездерде бағдаршамға қарап өту және жаяу адамдар жүретін жолмен өту.

 

  1. Ойын кезінде сіріңке мен басқада от тұтататын заттар пайдалануға болмайды, алау жағатын болса, суға жақын жерде, немесе су құйылған ыдыстар болуы керек, үйде немесе аулада өрт бола қалған жағдайда 101 телефонына хабарласу.

 

  1. Дәстүрлі емес діни ағымдағы ұйым мүшелерімен, оның өкілдерімен кездесуге болмайды. Мешітке жеке жалғыз, немесе бөтен адамдармен баруға болмайды.

 

  1. Танымайтын адамдармен сөйлеспеу және олардың көлігі болса отырмау. Көшеде жатқан біреудің пакетін, сөмкесін алмау, бос үйлерге бармау, бос подъездерге кірмеу, ойнаған кезде ауылдан ұзап кетпеу.

 

  1. Көпірден секіру секілді қауіпті ойындарына жол бермеу

 

 

 

Суға шомылу ережелерімен таныс болайық:

Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз!

Тыйым салынған жерде шомылмаңыз!

Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

Шомылғанда камераларды, тақтайларды пайдаланбаңыз!

Суда шолжаңдауға жол бермеңіз!

Жалған дабыл бермеңіз!

Өтіп бара жатқан катерлерге, кемелер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз!

Суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден секірмеңіз!

Таныс емес жерден секірмеңіз.

Балық аулауға барсаңдар абай болып, өз өмір қауіпсіздігін сақтаңдар!

 

Шомылуға кеңес беріп өтейін.

Суға абайлап түсу керек.

Жүзу белмесеңіз, суға белден аса тереңдікке бармаңыз.

Тоқтаңыз және терең емес жерде басыңызбен шомылыңыз.

Өзіңізді қалтыратуға дейін жеткізбеңіз.

Жалғыз шомылмауға тырысыңыз.

Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

 

Егер қайықта болсаң.

Иесіз және техникалық ақауы бар қайықтарды пайдаланбаңыз!

Жүзуге құтқарушы және су төгетін құралдарсыз шықпаңыз!

Қайықта артық жүктерді алмаңыз!

Қайықтың бүйіріне және тұмсығына отырмаңыз!

Бір орнынан екінші орынға, сондай-ақ бір қайықтан басқа жүзетін нәрсеге ауысып отырмаңыз!

Қайықтан сүңгімеңіз!

Жүзетін құралдарды қараңғы түсісімен пайдаланбаңыз!

 

Зардап шеккенге алғашқы көмек.

Зардап шеккеннің басын қисайтып, ауызды құм мен балшықтан тазарту керек. Тыныс жолдарын және асқазанды судан босату қажет. Мұның бәріне 15 секундтен артық кетпеу керек. Егер тамыр соғысы білінбесе, «ауыздан ауызға» тәсілмен жасанды дем беруге кірісу керек. Мұны әркім істей білуі тиіс.


Бастауыш сынып оқушыларының қауіпсіздік ережесі


Инструкция №1. Экскурсияға барған кезде өзін өзі ұстау ережесі

1. 1. Көрме, музейлерде жүрген кезде

1. 1. 1. Өзіңді салмақты, ұстамды қылып ұста

1. 1. 2. Көңіл қойып қарап шық, тыңда, жүгіре берме.

1. 1. 3. Рұқсатсыз ештеңені ұстауға болмайды.

1. 1. 4. Қатты айғайлап сөйлеме

1. 1. 5. Экскурсоводқа рақмет айтуды ұмытпа.

1. 2. Табиғатқа шыққанда

1. 2. 1. Қол жуатын және ішетін су ал

1. 2. 2. Су айдындарынан шикі суды ішпе.

1. 2. 3. Өзіңе таныс емес өсімдіктерді жинама, аузыңа салушы болма.

1. 2. 4. Табиғатты бүлдірме

1. 2. 5 От жағуды үлкендермен жаса. Суға жақын жерде от жағуға болады.

1. 2. 6.Ағаштарды сындырып алма

1. 2. 8. Жолда жүру ережесін сақта

Инструкция №2. Правила дорожного движения

2. 1. Проходи по тротуару только с правой стороны. Если нет тротуара, иди по левому краю дороги, навстречу движению транспорта.

2. 2. Дорогу переходи в том месте, где указана пешеходная дорожка или установлен светофор. Дорогу переходи на зелёный свет.

2. 3. Когда переходишь дорогу, смотри сначала налево, потом на право.

2. 4. Если нет светофора, переходи дорогу на перекрёстке. Пересекать улицу надо прямо, а не наискось.

2. 5. Не переходи дорогу перед близко идущим транспортом.

2. 6. На проезжей части игры строго запрещены.

2. 7. Не выезжай на проезжую часть на велосипеде.


 


 

Инструкция №3. Еңбек сабағында өзіңді ұстау ережесі

Инемен жұмыс жасағанда

3. 1. Инені ине салғышта ұста.

3. 2. Жұмыс жасаған жеріңде инені жіпсіз қалдырып кетпе..

3. 3. Инені біреуге бергенде жібімен бер.

3. 4. Инені аузыңа салма, ойнама.

3. 5. Инені киімге түйреме.

3. 6. Жұмыстың алдында және соңында инені санап сал.

3. 7. Ине салғышты үнемі бір жерде сақта

3. 8. Инемен жұмыс жасап отырғанда жан-жағыңа алаңдама.

Қайшымен жұмыс істегенде

3. 9. Жақсы өтетін қайшымен жұмыс жаса.

3. 10. Қайшының дөңес жағы болуы керек.

3. 11. Қайшының аузын ашып тастама.

3. 12. Қайшыны біреуге бергенде дөңгелек жағымен бер.

3. 13. Қайшымен ойнама, бетіңе тақама.

3. 14. Қайшыны керек кезде ғана пайдалан..

Инструкция №4. Қоғамдық орындарда өзіңді ұстау ережесі

4. 1. Көшеде қатты күлуге, сөйлесуге, шыңғыруға болмайды, ұят болады.

4. 2. Шемішкенің қалдығын, алманың қалдығын, кәмпиттің қағазын тастап, көшені ластауға болмайды.

4. 3. Кинотеатрға барғанда жүгіруге, ойнауға, шулауға болмайды.

4. 4. Кино немесе концерт көріп отырғанда көрермендерге кедергі келтіріп, аяқпен тарсылдатуға, ысқыруға, айқайлауға болмайды.

4. 5. Залдан шығарда немесе залға кірерде бір-біріңді итермелеуге болмайды. .

4. 6. Әдепті болыңдар.

Инструкция №5. Көшеде жүргенде жеке бастың қауіпсіздік ержелері

5. 1. Егер сен көшеде жүргенде сенің соңыңнан біреу келе жатса немесе қуып келе жатса, үйің әлі алыста болса, жақын маңдағы адамдары көп жерге жүгір, дүкенге немесе автобус аялдамасына .

5. 2. Егер танымайтын ересек адам сені күшпен алып кеткісі келсе, қарсылас, айғайла, көмекке шақыр. «Көмектесіңдер, мені танымайтын адамдар әкетіп барады!»

5. 3. Ересек танымайтын адамдардың ешқандай ұсынысын қабыл алма, келіспе.

5. 4. Танымайтын адамдармен ешқайда барма, көлігіне отырма.

5. 5. Сіздің үйдегі ересек адамдардың ақшасы көп деп ешқашан мақтанба.

5. 6. Үйде ересек адамдар болмағанда танымайтын балаларды үйге кіргізбе, шақырма.

5. 7. Қараңғы түсіп келе жатқанда ойнама.

Инструктаж №6. Өрт қауіпсіздігінің және электр құрылғыларын пайдалану ережесі

6. 1. Тыйым салынады:

6. 1. 1. Жанып жатқан шырпыны тастауға, темекі қалдығын лақтыруға

6. 1. 2. Отпен ұқыпсыздық таныту,

6. 1. 3. Күлдің қалдығын, шоқты құрылыс жаққа тастауға

6. 1. 4. Жанып жатқан пештің аузын ашық қалдыруға болмайды..

6. 1. 5. Бір розеткадан көп токты қолдануға болмайды.

6. 1. 6. Бұзылып тұрған, жасамайтын құрылғыларды токка қосуға болмайды

6. 1. 7. Пользоваться повреждёнными розетками. Пользоваться электрическими утюгами, плитками, чайниками без подставок из несгораемых материалов.

6. 1. 8. Пользоваться электрошнурами и проводами с нарушенной изоляцией.

6. 1. 9. Оставлять без присмотра топящиеся печи.

6. 1. 10. Ковырять в розетке ни пальцем, ни другими предметами.

6. 1. 11. Самим чинить и разбирать электроприборы.

6. 2. Разрешается:

6. 2. 1. Защищать дом от пожара.

6. 2. 2. В случае возникновения пожара вызвать пожарную охрану.

6. 2. 3. Использовать все имеющиеся средства для тушения пожара.

6. 2. 4. Подавать сигнал тревоги.

6. 2. 5. Встречать пожарных и сообщать им об очаге пожара.

6. 2. 6. Знать план эвакуации на случай пожара.

6. 2. 7. Кричать и звать на помощь взрослых.

6. 2. 8. Двигаться ползком или пригнувшись, если помещение сильно задымлено.

6. 2. 9. Вывести из горящего помещения людей, детей.

6. 2. 10. Набросить покрывало на пострадавшего.

Инструкция №7. Мұздағы қауіпсіздік ережесі

7. 1. Мұз үстімен жүрер алдында оның қалың екеніне көз жеткіз, жаныңда міндетті түрде үлкен адамдар болсын.

7. 2. Бұрын жүрілген соқпақпен жүру керек..

7. 3. Таныс емес жыралардан шанамен, шаңғымен сырғанап түсуге болмайды.

7. 4. Ағысы қатты жерлерден, өндіріс орындарынан ағып жатқан су қоймалары маңынан ерекше сақ болу керек.

7. 5. Көктемде және күзде мұздың жұқа болатынын ұмытпа.

Инструкция №8. Жазда судағы қауіпсіздік ережесі

8. 1. Тек рұқсат етілген жерлерде ересек адамдармен суға түсуге болады.

8. 2. Таныс емес жерлерде суға сүңгуге болмайды, су астында бөрене, тастар болуы мүмкін.

8. 3. Балдыры көп жерде суға түсуге болмайды.

8. 4. «бір-біріңді суға батырам» деп әзілдеп ойнауға болмайды..

8. 5. Жалған дабыл көтеріп, айғайлауға болмайды.

Инструкция №9. Жануарлармен араласқанда қауіпсіздік ережелері

9. 1. Кез келген аңның құйрығымен бұлғаңдатқаны достық сезім деп ойламаңыз, бұл кейде қауіп төндіруі мүмкін, саған шабуылдағалы тұрғандада осылай құйрығын бұлғаңдататын жануарлар болады.

9. 2. Иттің көзіне тура қарап тұрып күлмеңіз, ол маған тісін көрсетіп тұр деп ойлап қалуы мүмкін, сіз одан мықты деп ойлап қалуы мүмкін.

9. 3. Өзіңнің қорқынышың мен толқып тұрғаныңды көрсетпеуге тырыс. Ол өзін агрессивті ұстайтын болады, одан сайын күшейіп кетеді..

9. 4. Иттен қашуға болмайды, ит одан сайын өз жемтігіне жеткенше, асығады, құртуға дайын болады.

9. 5. Біреудің итін тамақтандырмаңыз, ит ұйықтап жатқанда, тамақтанып жатқанда қозғамаңыз. Не кормите чужих собак и не трогайте собаку во время еды или сна.

9. 6. Күзет иттердің жанына жақындамаңыз, белгілі бір қашықтыққа жақындағанда оларды адамдарға шабуға үйретіп қойған.

9. 7. Итпен тұрып, немесе оның иесімен тұрып күрт қимылдар жасамаңыз, ол ит өздеріне шабуыл жасалып жатыр деп түсінуі әбден мүмкін.

9. 8. Күшіктерге тимеңіз, олардың ойнап жатқан нәрсесіне тимеңіз.

9. 9. Тар жерде иті мен иесі келе жатса, оларды өткізіп жіберіңіз.

9. 10. Хайуанаттар құтыру, қотыр, чума, тиф ауруларын жұқтыруы мүмкін.


 

Инструкция №10. Өзің үйде жалғыз қалғанда.

10. 1. Жақсы танитын адамға ғана есік аш..

10. 2. Есіктің алдына, бұрышқа немесе тастың астына үйдің кілтін қалдырып кетпе.

10. 3. Шнурға байлап үйдің кілтін мойныңа тағып жүрме.

10. 4. Үйдің кілтін жоғалтсаң, мұны ата-анаңа дереу хабарла.

Инструкция № 11. Телефонмен сөйлесу ережесі

11. 1. Мекен-жайыңызды, пәтеріңіздің нөмірін атамаңыз.

11. 2. «Жоқ» немесе «иә» деп жауап беріңіз

11. 3. Танымайтын адаммен телефонмен ұзақ әңгімелеспе.

Инструкция №12. Асханада өзіңді ұстау ережесі

12. 1. Кезекші ертерек барып үстелді жаяды, дайындайды.

12. 2. Сыныптан асханаға саппен бар.

12. 3. Тамақ ішердің алдында қолыңды жу, кептір.

12. 4. Өз орныңды иелен.

12. 5. Тамақ ішіп отырғанда сөйлеспе..

12. 6. Үстелде отырғанда тазалық пен жинақылықты сақта.

12. 7. Тамақ ішіп болған соң ыдысыңды жинап кет..

12. 8. Ерте тамақтанып болсаң, жолдастарыңды күт.

12. 9. Сыныпқа саппен қайтып кел.

Инструкция №13. Мектепте серуенге шыққанда қауіпсіздік ережесі

13. 1. Серуенге саппен шық.

13. 2. Спорт алаңында ойна .

13. 3. Тікенекті, өткір заттармен ойнама.

13. 4. Басқа балаларды итерме, аяқтан шалма.

13. 5. Қармен, таспен, түрлі заттармен атысып ойнама.

13. 6. Әжетханаға мұғалімнің немесе тәрбиешінің рұқсатымен ғана бар.

13. 7. Даладан саппен кір.


 

Инструкция №14. Күзгі каникул кезінде балалардың өзін ұстау ережесі

14. 1. Жолда жүру ережесін сақта (№2)

14. 2. Өрт қауіпсіздік ережесін сақта және электр құралдарын пайдаланғанда абай бол. (№6).

14. 3. Қоғамдық орындарда өзіңді ұстау ережесін сақта (№4).

14. 4. Көшеде жеке басыңның қауіпсіздігін сақта. (№5).

14. 5. Суқоймаларында қатып қалатын жұқа мұз қабатында ойнама, қауіпсіздік ережесін сақта.

14. 6. Үйде жалғыз қалғанда қауіпсіздік ережесін сақта (№10).

14. 7. Жануарлардың қасында жүргенде қауіпсіздік ережесін сақта. (№9).

14. 8. Өткір, тікенекті, кесетін, тез тұтанатын, жарылғыш заттармен, атылатын, суық қарулармен ойнама.

14. 9. Дәрігердің рұқсатынсыз дәрілік заттарды қолданба, спирттік ішімдіктерді ішпе, темекі шекпе, наркотикалық заттарды қабылдама, токсинді заттарды иіскеме.

14. 10. Көшеде тайғақ болғанда құлап қалудан, жарақат алудан сақтан.


 

Инструкция №15. Қысқы каникул кезінде балалардың өзін ұстау ережесі

15. 1. Жолда жүру ережесін сақта (№2)

15. 2. Өрт қауіпсіздік ережесін сақта және электр құралдарын пайдаланғанда абай бол. (№6).

15. 3. Қоғамдық орындарда өзіңді ұстау ережесін сақта (№4).

15. 4. Көшеде жеке басыңның қауіпсіздігін сақта. (№5).

15. 5. Мұздағы қауіпсіздік ережесін сақта (№7).

15. 6. Үйде жалғыз қалғанда қауіпсіздік ережесін сақта (№10).

15. 7. Жануарлардың қасында жүргенде қауіпсіздік ережесін сақта. (№9).

15. 8. Өткір, тікенекті, кесетін, тез тұтанатын, жарылғыш заттармен, атылатын, суық қарулармен ойнама.

15. 9. Дәрігердің рұқсатынсыз дәрілік заттарды қолданба, спирттік ішімдіктерді ішпе, темекі шекпе, наркотикалық заттарды қабылдама, токсинді заттарды иіскеме.

15. 10. Көшеде тайғақ болғанда құлап қалудан, жарақат алудан сақтан.

15. 11. Шатырынан сүңгі, мұз, немесе қар ілініп тұрған ғимараттардың жанында ойнама.


 

Инструкция №16. Көктемгі каникул кезінде балалардың өзін ұстау ережесі

16. 1. Жолда жүру ережесін сақта (№2)

16. 2. Өрт қауіпсіздік ережесін сақта және электр құралдарын пайдаланғанда абай бол. (№6).

16. 3. Қоғамдық орындарда өзіңді ұстау ережесін сақта (№4).

16. 4. Көшеде жеке басыңның қауіпсіздігін сақта. (№5).

16. 5. Мұздағы қауіпсіздік ережесін сақта (№7).

16. 6. Үйде жалғыз қалғанда қауіпсіздік ережесін сақта (№10).

16. 7. Жануарлардың қасында жүргенде қауіпсіздік ережесін сақта. (№9).

16. 8. Өткір, тікенекті, кесетін, тез тұтанатын, жарылғыш заттармен, атылатын, суық қарулармен ойнама.

16. 9. Дәрігердің рұқсатынсыз дәрілік заттарды қолданба, спирттік ішімдіктерді ішпе, темекі шекпе, наркотикалық заттарды қабылдама, токсинді заттарды иіскеме.

16. 10. Көшеде тайғақ болғанда құлап қалудан, жарақат алудан сақтан.

16. 11. Шатырынан сүңгі, мұз, немесе қар ілініп тұрған ғимараттардың жанында ойнама.

Инструкция №17. Жазғы каникул кезінде балалардың өзін ұстау ережесі

17. 1. Жолда жүру ережесін сақта (№2)

17. 2. Өрт қауіпсіздік ережесін сақта және электр құралдарын пайдаланғанда абай бол. (№6).

17. 3. Қоғамдық орындарда өзіңді ұстау ережесін сақта (№4).

17. 4. Көшеде жеке басыңның қауіпсіздігін сақта. (№5).

17. 5. Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік ережесін сақта (№8).

17. 6. Үйде жалғыз қалғанда қауіпсіздік ережесін сақта (№10).

17. 7. Жануарлардың қасында жүргенде қауіпсіздік ережесін сақта. (№9).

17 8. Өткір, тікенекті, кесетін, тез тұтанатын, жарылғыш заттармен, атылатын, суық қарулармен ойнама.

17. 9. Дәрігердің рұқсатынсыз дәрілік заттарды қолданба, спирттік ішімдіктерді ішпе, темекі шекпе, наркотикалық заттарды қабылдама, токсинді заттарды иіскеме.

№_____________________________ инструктаж

Өткізілу мерзімі___________

Инстркуция берген сынып жетекшісі ________________________

 

 

 

 


Дене шынықтыру және еңбек, үзіліс уақытында,  мұз айдынның бұзылуына байланысты 
нұсқау: 

1. Мектеп ішінде балалардың өміріне және денсаулығына сынып жетекшісі жауапты. 
2. Мектеп ішінде және мектеп ауласында тәртіп сақтау керек. 
3. Электр прибормен мұқият болып, су қолыңмен тоққа қосылып тұрған электр жүйесін ұстамау ережесін есіңде сақта. 
4. Шырпымен, от жандырғышпен т.с.с. заттармен мектеп ішінде және мектеп ауласында қолдануға тыйым салынады. 
5. Сынып бөлмесін, сынып мүліктерін бүлдірмей ұста. 
6. Бұзылған үйдің, ашық құдықтың жанында ойнауға, жүруге қауіпті. 
7. Ине, қайшыны қолданғанда бір-біріңді итермей, мұқият болыңдар. 
8. Күз және көктем мезгілінде мұз айдынында ойнауға өте қауіпті. 
9. Жұқа, қатаймаған мұзға шықпа. 
10. Аяқпен немесе басқа (темір,ағаш) затпен жармаңдар.

 


 

Жазғы демалыста техникалық қауіпсіздікті сақтау туралы  нұсқау

Жазғы демалыс кезінде балаларды судан, оттан, табиғат аясына шыққанда, балық аулағанда, қонаққа жібергенде жауапкершілік міндетті ата-аналарға жүктеледі. 

 

Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау туралы ңұсқау: 

1. Қоғамдық орындарда өтетін іс-шараларға қатысу кезінде тәртіп сақтау керек. 
2. Іс-шарадан мұғалімнің немесе жауапты адамның рұқсатсыз әрі ескертпей кетіп қалмау керек. 
3. Қоғамдық мүліктер мен заттарды өз қалпында сақтау, зиянды әрекет жасамау керек. 

 

Күз – қыс мезгілінде далада жүру ережелер: 

1. Қыстың бас кезінде жұқа мұзға шықпау керек. 
2. Қара мұздан сақтаныңдар. 
3. Көктайғақ кезінде абай болыңдар. 

 

Сенбілікке шығу кезіндегі қауіпсіздік  ережелер: 

1. Сенбілікке шығу уақытында құралдарды қолдану қауіпсіздігіне мұқият болыңыздар. 
2. Жыл мезгіліне сай киім кию керек. 
3. Қолды жарақаттап алмау үшін және тазалық сақтау үшін қолғап кию керек. 
4. Өткір құралдармен жұмыс істегенде сақ болу керек. 
5. Сенбілік кезінде бір-бірлеріңді итермей, ойнамау керек. 

 

Сабақтан тыс уақыттағы ережелермен таныстыру. 

1. Кешкі сағат сегізден кейін көшеде жалғыз жүрмеу. 
2. Спирттік ішімдік, темекі тартудан аулақ болу. 
3. Ата-ананың рұқсатсыз көшеде жүрмеу. 
4. Тоқ электр жүйесін қозғамау, ойнамау. 
5. Себепсіз телефон шалмау керектігін ескерту. 
6. Бейтаныс адамдарға телефон арқылы мәлімет бермеу. 
7. Күдікті пакеттерді, хатты ашпау, олар туралы ересек адамдарға айту. 
8. Терезенің желдеткішін мұғалімнің рұқсатсыз ашып, жабуға тиім салынады. 
9. Мектеп мүлкін орнынан қозғалтуға, жылжытуға, ойнауға болмайды. 
10. От беретін заттарды ұстауға, ойнауға, жағуға қатал түрде тиім салынады. 
11. Бейтаныс адамдарға жақындамау, не дер айтса да олармен сөйлеспеу керек (сыйлық алмау). 
12. Өзен, көлдің жағасына ересектерсіз бармаңдар. 
13. Қираған үйлердің маңайынан аулақ жүр. 
14. Ескерткіштерді, қоғамдық заттарды бұзба. 
15. Қазылған, ашық жатқан құдық жерлерге бармаңдар. 
 

 


Жолда жүру ережелері туралы  нұсқау: 

1. Жиек жолдың оң жақ шетімен жүру керек. 
2. Жақындап қалған көліктің алдынан өтпеу керек. 
3. Жол бойында ойнауға қатаң түрде болмайды. 
4. ЖЖЕ-ін әр уақытта жадында ұста. 
 

Әр тоқсан сайын болатын кезекті демалыс кезінде  қауіпсіздік ережесемен  ата-аналар және балалар танысады. 
 

 

Жаңартылған күні: 27.02.2022 12:22
Құрылған күні: 27.02.2022 12:22

Текст