"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Критериалды бағалау жүйесі-бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың жетекші факторларының бірі" атты аудандық семинар-практикум

2023 жылдың 26 қаңтарында Оқжетпес ауылының жалпы білім беретін орта мектебінде   "Критериалды бағалау жүйесі-бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың жетекші факторларының бірі" атты  аудандық семинар-практикум өтті, оған Бурабай ауданының жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш сыныптарының 30-дан астам мұғалімдері қатысты.  Семинардың бас кезінде мектеп директоры Ескеева К.С. алғыс сөзбен бастады.  Педагог-психолог Муканова А.У. психологиялық тренинг өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдер Бут В.Ф., Доненбаева А.Е., Сироткина Н. В., Жақсылықова Г. О. сабақта критериалды бағалауды  жекелеген кезеңдерінде және бүкіл сабақ барысында қалай қолдануға болатындығы бойынша өз тәжірибелерін көрсетті. Практикалық бөлімінде  К. К. Имаканова, Ж. А. Бейсенбаева оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігіне ықпал ететін, сыни және шығармашылық ойлау, өз мүмкіндіктері мен оқу жетістіктерін бағалау қабілеттеріне бағытталған сабақтарында өздерінің педагогикалық жұмыс тәсілдерін көрсетті. Семинар соңында О. А. Белоусова рефлексия өткізді, онда семинарға қатысушылар өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

Жаңартылған күні: 10.02.2023 16:12
Құрылған күні: 10.02.2023 16:12

Текст