"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің «Мейірімді тілектер күні».

Бүгін онкүндігіміздің екінші күні аяқ басты. Бұл күніміз мейірімді, шуақты сезімге, тілектерге толы болды. Барлық мұғалімдер мен оқушылар бұл іс-шараға қызығушылықпен қатысты. Таңсәріден бастап, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Белоусова Ольга Александровна барлығын жылы лебізбен құттықтап, ашықхаттар сыйлады. Мектепке кірген беттен осындай тосын сый, әрине  әр жүректе жақсы көңіл-күй орнатты.

          Сонымен қатар, бастауыш сыныптар да бір-біріне, ұстаздарға, басқа да оқушыларға, мектеп жұмысшыларына тілектерге толы жүрекшелер сыйлап, жылы лебіз білдірген бейнероликтер жазып құттықтап шықты. Бастауыш мұғалімдері Имаканова К.К., Бейсенбаева Ж.А. Сироткина В.В., Бут В.Ф., жоғары сынып жетекшілері де Абдикалыкова Г.Н., Билялова Б.Ж. , Сейтова Г.Б., Алтынбек Дағыстан, Нагорная М.А. т.б . сынып  жетекшілері өз оқушыларын ұйымдастырып, белсене қатысты. Мектебімізде онлайн оқып жатқан сыныптар де бұл мерекеден шеттеп қалған жоқ. Даурен Қайратович т.б.  ұстаздарымыз бұл іс-шараны мерекеге айналдыра білді.

          Аталмыш іс-шарамыз, өте керемет өтті. Барлық ұстаздар мен оқушыларға ризашылық білдіреміз.

 Мейірімді тілектерді, жылы сөздерді күнделікті бір-бірімізге арнай берейік. Мейірімділік көптік етпейді. 

 

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Узбаева А.Б.

Жаңартылған күні: 03.02.2022 16:07
Құрылған күні: 03.02.2022 16:07

Текст