Текст
Қыздар, қызғалдақтар, мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің
гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала
беріңіздер!Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін!
Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық
тілеймін! Жанарына сыр тұнған, Жүрегінде жыр тұрған.
Құтты болсын мерекең, Қызғалдақтар құлпырған!
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!