Отбасы- ол шағын мемлекет,Отан- отбасынан басталады.Ұяада не көрсең ұшқанда соны ілерсің, деген қазақта жақсы сөздер бекер айтылмаған. Бұның барлығы отбасылық құндылықтарға,тәлім-тәрбиеге негізделген.Осы ата-бабадан салт-дәстүр болып қалыптасып келе жатқан тәрбиені бойымызға сіңіріп,қазіргі уақытта Жүгерілер отбасында 10 бала өсіріліп тәрбиеленді, сол отбасының менде келіні болып менің отбасымда 3 балам тәрбиеленуде.Ана көрген- тон пішер,Әке көрген -оқ жонар демекші, ата-анамыздан алған тәрбиелерімізді балларымызға да үйретіп отырамыз;өтірік айтпа-өтіріктің өрісі қысқа,өсек айтпа-өсек өрге жетелемейді,ұрлық қылма-ұрлық түбі қорлық,біреудің алажібін аттама- ол бізге жақпайды,қолыңнан келсе кісіге көмектес,мейірімді,кешірімшіл бол деген сөздер менің әкемнің маған айтқан ақылы мен енді соны балларыма айтып отырамын.Жақыныңды жаттай сыла-жат бойынан түңілсін дейді, яғни туған-туысқа жәрдем етіп,сыйласып отыру, әке-шешеміз бірге туған бауырларына үнемі көмек беріп отыратын,жақсыдан үйрен –жаманнан жирен демекші жақсы қасиеттерін бізде жалғастырудамыз.
Абдикалыкова Г.Н.