Ақпанның 20,21,22 аралығында Оқжетпес орта мектебінде 5-10 сыныптар арасында ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты оқушылардың бойында ізденушілік, зерттеушілік қасиеттерін қалыптастыру еді. Балалар белгілі бір уақыт шамасында зерттеу тақырыптарын таңдап, жұмыстарын іске асырды. Конференция төңірегіндегі тақырыптар ауқымды ,
түрлі тақырыпта болды. Бұл жерде Рухани жаңғыру аясында , ғылыми, шығармашылық, әлеуметтік тақырыптар бойынша жұмыстар көрініс алды. Оқушылардың да зертеушілікпен айналысуға қызығушылықтары артты. Олар бойларында аудитория алдында сөйлеу білігін де шыңдай түсті.
Үш күнгі конференция өте жоғары дәрежеде өтті деп бағаланды. Әр оқушы марапатқа
ие болды. Арасынан әділ-қазының шешімімен аудандық жобалар байқауына ең мықтылары іріктеліп алынды. Аудандық жобалар сайысына қатысатын оқушыларымыз бен олардың жетекшілеріне шығармашылық
пен сәттілік тілейміз.
Конференцияға қатысқан бірқатар балалардың қорғау презентациялары мектеп сайтында жарияланады.