Текст
Ақмола облысы білім басқармасының, аудан бойынша білім бөлімінің 2024 жылғы наурыз - тамыз айларына арналған базалық медиа - жоспарын іске асыру шеңберінде 17 мамырда сағат 18.00-де мектеп директоры К.С. Ескееваның 9 және 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен кезекті есептік кездесуі өтті. Бірнеше мәселелер қамтылды: оқу жылының аяқталуы, қорытынды аттестаттау, емтиханға дайындық, бітіру. Ата-аналарға оқу жылын аяқтау бойынша ұсыныстар берілді, сондай-ақ болашаққа міндеттер қойылды.