Ақмола облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2024 жылға арналған мемлекеттік аттестаттау кестесіне сәйкес"Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Оқжетпес ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де мемлекеттік аттестаттау өткізілді
Бағалау критерийлеріне сәйкес мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметін өзін-өзі бағалау материалдарын, сондай-ақ бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметін өзін-өзі бағалау материалдарын зерделеу бойынша жұмыс жүргізді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының білім беру қызметі, сондай-ақ бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің білім беру қызметі мектепке дейінгі, сондай-ақ бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандартының талаптарына сәйкес келетіндігіне байланысты "аттестатталсын"шешімі шығарылды