Текст
16-ақпан күні Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай мектебімізде "Асқар тау - ӘКЕЛЕР" клубының ашылу салтанаты өтті. Барлығы 23 әке атсалысты. Бадарламада әкелер үшін волейбол ойыны және "Мерген" атты мылтық ату сайысы ұйымдастырылды. Қорытындысы бойынша Волейболдан 5-7-сынып әкелері ІІІ орын, 2-4-сынып әкелері ІІ орын, 8-9-сынып әкелері І орын иеленді. "Үздік шабуылшы" номинациясында - Сериков К, " Үздік доп қосушы" номинациясында Хасенов К марапатталды.
Мылтық ату сайысы бойынша ІІІ орын - Бөгенбай С, ІІ орын - Капезов А, І орын - Олжас Ж иегері атанды. Шын жүректен құттықтаймыз