Мемлекет басшысы адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғанидың тікелей тапсырмасымен биыл алғаш рет өткізілген ауыл мектептерінің республикалық пәндік олимпиадасы Бектайұлы Бейсембаева ортақ істі жүзеге асыруға тағы бір үлес қосты. 2024 жылдың қаңтар айында Астана қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша ауыл мектептерінің оқушылары арасында республикалық олимпиада өтті. Оған олимпиаданың облыстық турында 1-орынға ие болған мектеп оқушылары қатысты. Ақмола облысынан жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша республикалық турға 11 оқушы қатысты. Олимпиадаға мектебімізден 10-сынып оқушысы Үндемес Іңкәр мен 11-сынып оқушысы Бейсенбай Бекзат қатысты. Биология пәнінен Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша Үндемес Іңкәр 2 орынды иеленіп, Күміс медаль, ІІ дәрежелі Диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды . Бейсенбай Бекзат химия пәнінен олимпиадаға қатысып, Құрмет грамотасымен марапатталды. Екі жүлдегердің жетекшісі – химия-биология пәнінің мұғалімі Гүлнар Байтасқызы Сейітова. Бұл олимпиада тек интеллектуалдық жарыс қана емес, сонымен қатар жаңа танысулар мен жаңа тәжірибелер уақыты болған жеңімпаздарымызды құттықтаймыз !