Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 4”Ә” сынып оқушылары 16 желтоқсан “Тәуелсіздік - мақтанышым” тақырыбында мәнерлеп оқу сайысына қатысып туған жерімізге деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдарымен нақыштады. Тәуелсіздік-теңдігім” тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында еліміздің қайраткерлері, ақын, жазушылары, спорт және ғарышкерлердің үлестері туралы айтылды. Қазақстанның жеткен жетістіктері мен болашақ армандарына байланысты оқушылар өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ сурет салып, ән арқылы еліне деген құрмет пен мақтаныштарын көрсетті. “Менің болашағым”, “Еліме қосар үлесім” тақырыптарында эссе жазды. Оқушылар өз еліне көптеген үлестерін қосатынын эссе барысында жазыпты. Еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосатындарына сенімдімін. Сынып жетекшісі: Имаканова К.К.