Бүгін мектебімізде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты жалпы республикалық ашық сабақтар өтті. Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың нақыл сөзінде «Адамның жақсысы- адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» -делінген. Шындығына келсек, бұл дәйексөздің мағыналық сипаты терең. Көпұлтты мемлекетте татулықта тұруды әр адам өзінен бастауы керек. Адамдар бір-біріне сүйіспеншілікпен қарауды үйренуіміз қажет. Бұл біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Бүгінгі сабақтың тақырыбы осылайша аталуы да тегін емес. Өскелең ұрпақың санасына сүйіспеншілік құндылығын жастайынан дәріптеу- отбасы мен білім ордасының тікелей міндеті.
Аталмыш тақырыптағы жалпы республикалық сабақтар өте жоғары деңгейде өтті. Сынып жетекшілері бар жауапкершілікпен дайындалып, сүйіспеншілік құндылығын жоғары деңгейде жеткізіп, ұғындыра алды. Балалар сабаққа қызыға, белсенді қатысты. Керемет шығармашылық жұмыстар жасап, тақырыпты талдап, өз ойларын ашық жеткізді. 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін өткен бүгінгі жалпы республикалық сабақтар әр оқушының жүрегіне сүйіспеншілік құндылығын, ізеттілік, достық, татулық, сыйластық қасиеттерін ұялатты деп айтуға болады. Өйткені, сабақтан балалар жылы жүздерімен, жайдары көңілмен тарасты.
Өзін-өзі тану мұғалімі: Джуматаева А.Б.