"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Руханилықтың қайнар бұлағы» эссе байқауы

12.02.2020

Оқжетпес орта мектебінде  «Өзін –өзі тану» пәні апталығы бойынша «Руханилықтың қайнар бұлағы», -  атты  оқушыларының арасында эссе байқауы өтті. Эссе жұмысына берілген: «Сүйікті менің туған өлкем!» «Ана – жүрекке ыстық сөз», «Ар–адамның өлшемі», «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады», «Бұл әлем қандай ғажап», «Менің бұл өмірге келгенім...», - тақырыптардың бірін таңдап оқушыларға эссе жазу тапсырылды. Бұл эссе жазу жұмысының негізгі мақсаты оқушылардың аталған тақырыптар негізінде қаншалықты өз ойларын мағыналы, жүйелі жеткізе алатындығын байқау болып табылады. Оқушылардың басым бөлігі «Ана- жүрекке ыстық сөз» тақырыбына  арнап жазыпты.  Аналарының аялы алақандары, мейірімі, жарық дүниені сыйлаушы, құдыретті, жанашыр жан екенін жазыпты. Сондай-ақ оқушылар басым бөлігі «Сүйікті менің туған өлкем!», «Менің бұл өмірге келгенім...» тақырыптарын таңдап жазыпты. Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін байқауға болады. Бастауыш сынып оқушыларының жазған эсселерінен байқағанымыз ой-өрістері кең екендігі, дүниетанымы жоғары, жан-жақты ойлайтындықтары байқалды. Бұл өте қуантарлық. Еліміздің өскелең ұрпағының сөздік қоры, озық ойы, тілдерінің, ойларының жетіктігі осы эссе жұмыстары көрсетті. Әсіресе 2-сынып, 4-сынып оқушылары эссе жазу байқауына үлкен қызығушылық танытты. Барлық эссе жұмыстары мазмұнды жазылған. Оқушылардың талаптары одан әрі шарықтап, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматтары болатындарына эссе жұмыстары дәлел.

Эссе байқау қорытындысы бойынша оқушылар граматолармен марапатталды. Өскелең ұрпағымыздың бойында ұлттық тәрбие, ақыл, әрі кемеңгерлік қабілеттің биік дағдысы қалыптасып жатқандығы бойымызға мақтаныш сезімін ұялатты. Талаптарына нұр жаусын!

Имаканова К.К.

2 сынып

«Ана- жүрекке  ыстық сөз»

     Ана деген кім? Әрбір ана өзінің баласын сүйеді. Ана бізді тоғыз ай бойы  құрсағында өсіргені үшін, біз оған алғыс  айтуымыз керек.  Ана болмаса біз де болмаушы едік. Ол бізге тамақ, жылу, махаббат, күтім, тәрбие, ақыл береді. 

         Менің анам өте мейірімді және жанашыр. Үлгермей жатса да, бәріне көмектеседі. Менің анамның сүйікті түсі жасыл. Ал сүйікті киносы «Не отпускай мою руку». Сүйікті тамағы бесбармақ. Мен анамды өте қатты жақсы көремін.

    Менің анам ең керемет ана!!!  Өйткені, ол мені дүниеге әкелді. Мен анама қарыздармын!!!

2 сынып оқушысы: Кәріп Аяулым

* * * 

Бұл әлем қандай ғажап!!!

         Әлемде көп ғажайып бар. Мен көрген және көрмеген ғажайыптар көп. Ғарыш әлемі, күн жүйесіндегі планеталар, океандар, жануарлар, табиғаттағы ғажайыптар өте көп. Мысалы, Бурабайдағы Жұмбақтас, Оқжетпес, Көкше таулары ғажайып.  Әлемде адам жасаған ғажайыптар да көп. Мысалы, Дубайдағы  Буш халифа  фонтаны,  Акмерикадағы Бостандық мүсіні, Париждегі Эйфель мұнарасы, Египеттегі пирамидалар. 

     Бірақ адамдар қай жерде де болсын, сол ғажапты ластайды екен.  Мен өткен жазда Египетке саяхатқа бардым. Сонда адамдар ғажапты құртып жатқанын көрдім. Адамдар қоқыс тастап, тастарды бояйды екен. Осылайша әлемді адамдар өздері ластайды. Адамдар әлемдегі ғажаптарды сақтаса ғой.  Бірақ әлемде мейірімді адамдар де бар. Ол да ғажап. Жақсы адамдар Африкадағы аш балаларға көмектеседі. Ол да ғажап!

2 сынып оқушысы: Маули Жантемір.

 

Ана-жүрекке ыстық сөз.

      Ана –деген ең күшті адам.  Оның қолынан барлығы келеді.  Менің анам мейірімді. Менің анамда  мадақтама, дипломдар өте көп. Мен де өскенде анам секілді болғым келеді. Мен оны жақсы көремін!  Мен оны сағынамын!

2 сынып оқушысы: Елубаева Айым

Ана-жүрекке ыстық сөз.

      Мен анамды сүйемін. Мен анама көмектесемін. Мен оған жүрегімді бөліп берер едім. Өйткені ол өмір берді. Анам, мені емдейді. Анам біздерге тәтті тамақтар пісіреді. Киімді жуып, бізді моншаға апарады. Анаға біз көмектесеміз, үй жинаймыз. Ана –біздің жүрегіміз!

2 сынып оқушысы: Рамазан Аружан

Бәрі махаббаттан басталған.

         Бұл өмірде бәрі махаббаттан басталады.  Өмірде бәріне махаббат керек. махаббатсыз өмір жоқ.  Махаббат шығу үшін бір жігіт қызды жақсы көреді. Олар отбасы болады. Өздерінің балаларын жақсы көреді. Менің ойымша, жұмыс істесең, ойнасаң да махаббат керек. Сен өзіңнің отбасыңды, туыстарыңды жақсы көру керексің. Өз үйіңді, ойыншығыңды, отаныңды жақсы көру керексің. Сабақты махаббатпен оқысаң, миыңда қалады. Жұмысты махаббатпен істесең, ол жақсы боп шығады. Барлық жақсылық махаббаттан басталады. Махаббат болмаса, жақсылық болмайды.

2 сынып оқушысы: Әлібек Мәдина

Ана- жүрекке ыстық сөз.

       Аналар бізге өмір береді. Аналар бізге тек жақсылық тілейді. Мысалы  менің анам мейірімді. Мен оған көмектесемін. Ана деген бұл біз үшін бәрі. Өйткені, ол біз үшін бәрін жасайды. Ана –сондықтан ыстық болады. Ана деп ойласаң, жүрегің жылиды. Мен өз анамды жақсы көремін. Ол ең жақсы ана. Менің анам туралы айтсам, ол мейірімді, жақсы. Ол барлығына жақсылық тілейді. Қолынан барлығы келеді. Ол сондай жалғыз. Мен сондай анам барына бақыттымын.

2 сынып оқушысы: Әмірбек Аяулым.

Ана – жүрекке ыстық сөз

Ана – біздің бақытымыз, отбасының шырағы. Мен оны жанымдай жақсы көремін. Анашым көңілді және өте әдемі. Ол маған керемет өмір, болашақ сыйлады, көп нәрсені үйретті. Анам жыласа менің жүрегім ауырады. Анам кейде  қатал да болады, әсіресе сабақ оқығанда, себебі менің жақсы оқығанымды қалайды. Мен оның сенімін ақтауға тырысамын. Менде осындай анам бар екеніне қатты қуанамын!

3 «Ә» сынып Танатарова Алина

Ана – жүрекке ыстық сөз

Менің анамның аты Гүлден. Ол әдемі, мейірімді. Менің анам өте-өте жақсы адам. Анашым менің жақсы көретін тамағымды жасайды. Ауырғанда жазатын, таңертең еркелетіп оятатын менің анам. Анамыз әрқашан ақыл айтудан жалықпайды. Өзі мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Кейде жұмыстан шаршап келгенде, қолымнан келгенше, үйдің жұмыстарына көмектесемін. Мен анамды шын жүрекпен жақсы көремін!

3 «Ә» сынып Жексенбай Алуа

4 сынып оқушыларының эсселері

Ар-адамның өлшемі.

Ар – адамның өлшемі деп бекер айтылмаған. Ар адамның қандай  екенін  бағалайтын   сезім. Отбасында  ар-ұят бала кезінен  ересек адамдардың  әңгімелесу барысында  бала кезінен есту арқылы қалыптасады.  Адам баласы есейе келе бір-бірімен араласып, жан-жақты қасиеттерге  ие болады. Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым-кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол-біздің ата-анамыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Ата-анамыздың  ақылын тыңдай отырып, барлық жақсы мінез-құлықты бойымызға сіңіре отырып,  жаман әдеттерден  аулақ болып өсуіміз керек.

Сүйікті менің туған өлкем

         Менің сүйікті туған өлкем Бурабай. Бурабайдың таза ауасы күшті, гүлдері көп. Мен өз Бурабайымды жақсы көремін. Қыста Бурабайда қар қалашығы ашылады. Мен анам мен әкеммен сырғанаққа бардым. Бурабайда Абылайхан алаңы бар. Барлық адамдар жан жақтан демалуға келеді. Бурабайдың әсемдігі бүкіл адамдарға ұнайды. Мен жазда көлге түсемін, демаламын. Астанаға әпкеме барып қызықтарды тамашалаймын. Демалыс кезінде ойын ойнап, балмұздақ жеймін, атама барамын. Жазда біз демалушыларды көреміз. Біздің мұражайда түрлі жануарлар бар. Біздің жаңа жазғы демалысымыз қызықты өтеді. Менің үйімнің қасында үлкен әдемі тау бар. Мен жазда соған мінемін, ал қыста содан сырғанақ тебемін. Бурабайдың табиғаты әдемі, өте керемет және ауасы өте таза. Менің елімнің одан әрі дамуына барлық күш жігерімді саламын. Сондықтан өз мамандығымды жақсылап таңдаймын. Батыр ағаларымның салып кеткен, дара жолымен еліміздің жерін, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын берік сақтаймын.

4 сынып оқушысы

Ана - жүрекке ыстық сөз

         Ана бізді тоғыз ай құрсағында ұстап дүниеге әкелді. Ана деген жайдарлы, ақкөңіл, мейрімді, мысалы, менің анам ол ақкөңіл мен бір нәрсені түсінбей қалсам көмектесіп жүреді. Менің анамның аты Жанар. Анамның аты өзіне сай өйткені жан деген жан дүниесі қандай тәтті, мейірбан  екенін білемін. Ар деген буын анамның ар ұятын биік қоятынын байқаймын.

Балалар өскенде ата-анасын сыйлап, құрметтеу керек. Мен өскенде әкем мен анамды бағып, қағып, сыйлап, құрметтеймін. Ана барлық мейірім мен жылыуын балаға береді. Ана бізге өмір сыйлаған адам.

4 сынып оқушысы Серік Айнұр

Ана – жүрекке ыстық сөз.

         Ана ол біздің жүрегіміз. Ана әрқашан көмек береді. Ана 9 ай бізді құрсағында көтереді. Анаға көмектесу керек. Өмір бойы бізге тек жақсылық тілейді. Алладан амандығымызды сұрайды.  Ана мен үшін алтын адам. Мен үшін анам алмаз асыл тас сияқты. Мен  ержеткенде  анама көмектесемін. Барлық айтқанын орындаймын. Сабақты жақсы оқуға тырысамын. Мен анаммен аквапаркке, ойын алаңдарына барамын. Мен анамды өте жақсы көремін. Анам ауырмай аман болып, ұзақ өмір жасасын.

4 сынып оқушысы Тлеуленов Ердаулет

Бұл әлем қандай ғажап.

         Біздің жеріміз өте әдемі. Әр елде өз сұлулығы бар. Бір жерде әдемі табиғат бар, екінші жерде әдемі үйлерді көруге болады. Қазақстанның табиғаты өте әдемі. Біздің елімізде ЭКСПО – 2017 көрмесі өтті. Бұл әлемде көптеген  ғажайып  жерлер бар. Жапония әдемі мемлекет. Ол елде биік-биік ғимараттар және ескі құрылыстар сақталған. Америкада әдемі қалалар бар. Мысыр елінде әдемі пирамидалар бар.

         Менің елімнің табиғаты өте керемет. Қарағайлы орманы, биік таулары, өзен көлдері мақтаныш сезімін ұялатады.

4 сынып оқушысы Еркебай Әмір 

Ана – жүректе ыстық сөз.

         Мен өз анамды  жақсы  көремін. Ол маған кішкентай кезімнен қарап отырады. Маған көмек керек болғанда ол ең бірінші көмектеседі.  Ол маған жылы сөздерді айтады. Менің сабағыма, тәрбиеме қарайды. Әрдайым маған араша түсіп отырады. Ол біз үшін күні түні жұмыс істейді. Анама өз арманымды айтып отырамын. Егер анамда ақша болмаса мен бәрін түсініп сұрамаймын. Жаңа жылды бірге өткіземіз. Әкем жұмыста болғанда. Біз інім екеуіміз анамызға көмектесіп отырамыз. Үй жұмысына да көмектесеміз. Су әкелеміз, ыдыс жуамыз. Менің бірінші сөзім «Мама»  болған. Ол мені бірінші қадамдарымды жасауға көмектескен. Мен оған өте ризамын. Мен өскенде ол кәрі болады. Сол себепті әкем мен анама әрқашан көмектесіп отырамын. Оларға қарайтын боламын. Мен өз анашымды жақсы көремін. Мен оған күнде тақпақ оқимын.

Менің анам ардақты,

Алтыннан да салмақты.

Жақсы көріп баласын,

Мәпелейді анашым.

Жақсылыққа шақырып,

Жамандықтан  тыяды.

Мейіріммен тәрбиелеп,

Иман нұрын құяды.

Шаймерденова Зере 4 сынып оқушысы

Ана – жүрекке ыстық сөз.

         Ана бізді осы дүниеге әкелді. Барлық бала аналарын жақсы көреді. Ана алақаны үнемі ыстық, жылы болады. Бала анасын жақсы көретін себебі ол бізге қамқор болады, үй жинайды, тамақ пісіреді, ол отбасымызды ойлайды. Ол бізге үй жұмысымен көмектеседі. Үй жинауды үйретеді. Мен анама үй жинауға көмектеседі. Анамызбен қыдырамыз. Анам мен әкем жұмыс істеп ақша табады. Сол ақшаны олар мерекеге, тамаққа, керек заттарға жұмсайды. Біздің киімдерімізді жуады, үтіктейді. Анам мені тамақ дайындауға үйретті. Енді мен анамның көмегімен өзім тамақ дайындаймын.  Ол бізге мектепке дайындалуға көмектеседі.  Бізге дәптер, қалам, сөмке сатып әпереді. Мен өз анамды жақсы көремін. Сабаққа керек әдемі бұйымдарды  жасауға көмектеседі. Анам мені кішкентайымнан мәпелеп өсірді.

Нұрпейіс Әсия 4 сынып оқушысы

Бұл әлем қандай ғажап.

         Мен Шыңғыспын және менің әлемім өте ғажап және әдемі. Бізде өте үлкен үйлер бар және биік ағаштар бар.  Бізде биік таулар бар. Бір тау кірпіге ұқсайды. Астанамыз өте әдемі қала. Әсіресе Астанадағы мұз қалашығы өте ұнайды. Астанаға көп адамдар жан- жақтан  келіп демалып жатады. Бурабайда әдемі көл бар. Бурабайда биік қарағайлар, жасыл шыршалар көп. Мен жазда мұражайға бардым.  Онда көптеген жануарлар бар.  Менің достарым  көп. Біз өте ғажайып жерде тұрамыз. Мен үшін ғажайып әлем ол менің туған жерім.

Қалиақбар Шыңғыс 4 сынып оқушысы

Менің туған өлкем.

         Менің туған өлкем Бурабай. Бурабай демалыс орны тұрғысында 1810 жылдан бастап мәлім. Ол таңғажайып көлімен, тауымен танымал. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас тауы бар. Бурабай ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтары өседі. 1990 жылда менің өлкем Бурабайда қымызбен емдеу сауықтыру орны ашылды. Мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Бурабай көлінің жағасында Абылайхан алаңы, Оқжетпес, Бурабай кенті бар. Орманда ақбөкен, қарақұйрық, қоян, тиін жануарлары бар. Мен өз туған өлкемді мақтан тұтамын.

Ахметқали Еркеназ 4 сынып оқушысы

Менің сүйікті өлкем.

         Менің туған өлкемде өте әдемі. Жазда көлге баруға болады. Жазда бұл жерде көп әдемі гүлдер өседі. Күзде жапырақтар әртүрлі әдемі түстерге боялады.  Ол кезде жаңбырдан кейін кемпірқосақ пайда болады. Бурабайдың табиғаты өте әдемі.  Бұл жерге демалушылар көп келеді. Мен өз өлкемді жақсы көремін.

Қанатқызы Шапағат 4 сынып оқушысы

«Ана- жүрекке  ыстық сөз»

         Менің анамның аты – Гүлден. Анам отбасымыздағы аяулы, ардақты әрі қамқоршы жан. Менің әпкемнің, інімнің қамын ойлап жүреді. Бізді дәмді ас әзірлейді. Әкем екеуі бізге барлық қажетті затты әперу үшін аянбай еңбек етеді. Анамның алақаны мейрімге толы. Әрдайым бізге ақыл айтады. Біздің сабағымызға көмектеседі. Таңертең бізге ботқа пісіріп береді. Біз түсте келгенде жесін деп таңертең ерте тұрып ыстық ас пісіріп кетеді. Мен анама үнемі көмек беремін. Ыдыс жуамын, үйді жинаймын. Ініме көмек беремін. Анам бізді демалыстарда мұз қалашықтарына  апарды. Түрлі ойын алаңдарына апарады. Анамның үмітін ақтаймын.

Исмагулова Айым 4-сынып

Сүйікті туған жерім

         Менің туған жерім Бурабай. Бурабай жерінің табиғаты көрікті және сұлу. Ауасы таза. Демалыс кезінде табиғатқа отбасымызбен серуенге шығамыз. Бурабайдың табиғат мұражайына барып, аң мен құстарды тамашалауға болады. Жазда көлге түсіп жүреміз. Жан-жақтан демалушылар келіп, қызыға тамашалайды. Абылайхан алаңы, Көкшетау тауы, Жұмбақтас жартасы көлге керемет сән беріп тұр. Мен Египетке барып тамашаладым. Пілдер мен маймылдарды көрдім. Түрлі дәстүрлерімен таныстым.

         Бірақ, өз туған жерімді қатты сағындым. Шетке шыққанда туған жердің қадірін біледі екенсің. Туған жеріме еш жер жетпейді. Еліміз тыныш болсын. Өз туған жерім Қазақстанның гүлденуіне, өркендеуіне өз үлесімді қосамын. Сол үшін мектепті жақсы оқып жүрмін.

Жумабаева Аяулым 4 сынып оқушысы

Сүйікті менің туған жерім!

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар көшіп,

Жүретін біліп кетіп есен-сауын.

Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа, жұпар исі,

Көкірек қанша жұтсаң тоярсың ба?! – деп,

         Сәкен ағамыз жырлағандай, менің туған жерім – айнадай суы Бурабайым. Менің өлкемнің ауасы таза, өйткені өте көп қарағай мен қайың бар. Қаз қатар тізіліп, иіліп өскенде құдды бір биші арулардай көріктене түседі. Бурабайды ажарландыра түсетін тағы бір дүние – зәулім-зәулім қонақ үйлер мен дүкендер, саябақтар мен толқына тулаған керемет көлдер. Осындай жағайыптар шетелден келген демалушылардың көзайымына айналып, еріктілерді еріксіз тартады.

         Менің туған өлкемді «Қазақстанның інжу-маржаны» деп те атайды. Бурабйыдың ерекше табиғаты, көз тартарлық сұлулығы, бұлттармен таласқан таулыры мен талай тарихтың куәсі болан қайыңдары жан дүниеңе тыныштық сыйлайды. Мен осындай өлкеде туғаныма қуанамын!

Әмірбек Дамиржан

6-сынып оқушысы

Достық.

         Достық деген – әлемдегі барлық алтыннан да, байлықтан да бағалы. Алай да осы достықты бағалай алмайтын адамдар болады. Не болмаса адаммен тек пайда үшін дос болатындар. Мысалы менің шынайы өмірде достарым аз, ал әлеуметтік желіде өте көп. Солармен көбірек араластым десем болады.

         Бір жағынан мен достарым ретінде туыстарымды санаймын. Себебі, кез келген жағдайда біз біргеміз, әркез тойларда, қуаныштарда басымыз жиі қосылады. Бірге ойнап, бірге күліп жүреміз.

         Мен өзім әр жанмен таныстықты ерекше бағалаймын. Сондықтан болар, дос дегенге тез бауыр басып қаламын. Менің түсінгенім, дос – асыл қасиет. Достықты ойыншық санамй, міндетті түрде бағалау керек. өйткені досыңның сенен көңілі қалуы мүмкін. Сондықтан да, қандай да ұрыс-керіс болмасын досыңнан бас тартпа, ол сені қорғайды, қуанышта да қайғыда да бірге болады. Егер достықты екеуің де бағаласаңдар, кім не десе де мейлі, араларың ажырамайтын болады. Нағыз досыңды бағала!

Сатпаева Аида.

7-сынып оқушысы

Доспенен көңіл жай табар

         Өмірдегі ең керек заттардың бірі – достық. Шын өір нағыз дос табудан басталады. Әрбір адамда өзінің досы бар, біреуі – адал дос, біреуі – амал дос. Достық тек адамдар арасында ғана емес, жануарлар арасында да бар. Менің ойымша ешбір компьютер ойындары, өзге де заттар адал достықты бұза алмайды.

         «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Себебі достар әрдайым жаныңда болады. Олар кел келген жағдайда қол ұшын береді. Осындай құрметке, сыйластыққа ие болу үшін адам өзінің әрбір досының қадіріне жетіп, бағалай алуы керек. достық сезімнің арасындағы ең қажеттісі – адалдық деп ойлаймын. Себебі, адалдық болмаса, достық та болмайды.

Төлеген Бексұлтан

8-сынып  оқушысы

Достық туралы

         Дос адам өмірінің айнасы тәрізді. Өйткені дос адамның мінезімен таңдалады. Ойы, арман-тілегі, мақсаты, ең бастысы өмірлік ұстанымдары бір адамдар нағыз дос болады. Өмірде адал дос табу қаншалықты қиын болса да соншалықты маңызды. Дос қиындықта көоінеді, сондықтан да қасымызда тек адал жандар болу керек. оларды біз тек уақыт өте келе ғана көреміз. Кейде жанадан таныс тапсақ, ескі достарымызды ұмытып, есіміз кетеді. Бұл қылығымыз қате, себебі уақытпен сыналған достар – нағыз достар. Жан дүниеңді көріп, сезініп сенімен араласып жүреді. Орыс халқы: «ескі бір дос, жаңа екі достан артық» дейді. Біз мұны бұрын естігенбіз, алайда аратұра есімізден шыарып ала береміз. Дос – біздің өміріміздің маржан тасы. Осы ұмытпайық.

Мусин Мадияр

8-сынып оқушысы

Достық

Дос деген керемет бір адам ғой,

Осы өмірде саған серік адам ғой.

Қиын кезде табылатын қасыңнан,

Жаныңа сенің демеу берер жақыннан,

Сөз таусылмас, теңелмес бұл ғажап қой.

Сен онымен сәби кезден біргесің,

Бір кез болса бойыңа үміт бересің.

Айырбастай алмайсың оны ешкіммен,

Бауыр басып қалғансың-ау сен сірә,

Ондай жанды таба алмассың ешжерден.

Досы жоқты түсінемін, түсінесің,

Досы жоқпен сырласқайсың білемісің,

Біліп тұрсаң қазір оның жағдайын,

Қолұшыңды созып көмек бергейсің.

Досы көпті көргенмін де көргенсің,

Досы көппен сырласқайсың, білгейсің.

Ұғып тұрсаң қазір оның жағдайын,

Аллаға бір шүкіршілік еткейсің.

Достық болар тек жігіттер арсында,

Бірақ болмас ер мен қыздың арасында.

Болса егер достық осы арада,

Түбі келік тірелер махаббатқа.

Достық болар ана-бала арасында,

Достық болар ит пен адам баласында.

Көңіліңнің бұлбұлы сайрамайды,

Дос болмаса жабырқап қаласыңда.

                                      Дүйсекин Шахнияз

                                      10-сынып оқушысы

                                     

 

Просмотров: 1263


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст