Текст
Бүгін Оқжетпес орта мектебінде Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі аясында «Аға буын өкілдері мен өскелең ұрпақ арасында адамгершілік тұрғыда айырмашылық бар ма?» атты тақырыпта пікірталас өткізілді. Аталмыш іс-шараға 9-11-сынып оқушылары қатысты. Айта кететін мәселе, осындай сөз додасын оқушылар өздері ұйымдастырып, өздері төрелік етті. «Самұрық» және «Жәдігер» топтарының арасындағы пікірталас қорытындысы төреші мырзаның шешімімен тең дәрежеде аяқталды.
Пікірталастың басты мақсаты: осындай іс-шарларға оқушыларды тарту, олардың бойындағы адами қасиеттерді, құндылықтарды сақтау әрі дамыту болды. Біз өскелең ұрпаққа аға буынның игі жақсылығын қашан да үлгі етеміз. Байрағымыз жоғары, болашығымыз айқын болсын!