«Ұлылардың ұлысы - Абай»
«Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды», - деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айтылды.
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін елімізде әр- түрлі ауқымды іс-шаралар бастамасын алды. Оқжетпес орта мектебінде де Абайдың 175 - жылдығына арналған іс- шаралардың эстафетасын «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты әдеби шара жалғастырды. Әдеби іс- шараны дайындап өткізген Тасыбаева А.М. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Іс- шара барысында қазақтың ұлы перзенті Абайдың өмірбаяны мен оның шығармашылығы жан - жақтан ашылып көрсетілді. Орыс тілінде оқытылатын 5,6,10 сынып оқушылары Абайдың өлеңдерін ( «Қыс», «Күз», «Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба», « Әсемпаз болма әрнеге» т.б ) қазақ және орыс тілінде жатқа айтты. 10 сынып оқушылары Овсянников Тимофей мен Хасенова Ғазиза домбыраның сүйемелдеуімен Абайдың 31 бірінші қара сөзін айтып берді. Домбырада ойнаған Хасенова Аяжан. Неміс халқының ұлы ақыны И.В. Гете жазған «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін неміс тілінде Тасыбаева А.М., қазақ және орыс тілінде 5 сынып оқушылары Позднякова Амина мен Тулегенова Әсем оқыды. Шара барысында күй орындалып, ән айтылды. Қазақ тілінде оқытылатын 6 сынып оқушылары Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен орындап берді, дайындаған Рамазанова А.Х. музыка пәнінің мұғалімі. Шараның соңында оқушыларға «Мен Абайды білемін» атты викторина өткізілді. «Абайдың әдеби әлемі» атты Абайдың шығармаларының көрмесін Шидловская В.Ф., мектеп кітапханашысы ұйымдастырды.
Рамазанова А.Х. Оқжетпес орта мектебі
директорының тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары