Текст
Ағымдағы жылдың 3-7 наурыз күндері аралығында Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 8-наурыз халықаралық аналар күніне орай мерекелік шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар әже мен аналарға арналған әндерін шырқап, сахналық қойылым қойып, биледі. Мерекелік шара соңында оқушылар әжелер мен аналарына қолдан жасаған сыйлықтарын табыстады. Әжелері мен аналары жақсы көңіл күйде болды.