Текст
Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. Асықтың түрлері
Сақа — асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.
Кеней — көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.
Шүкейт — жас малдың асығы.
Қойлық — қойдың асығы.
Ешкімек — ешкінің асығы.
Құлжа — құлжаның асығы.
Көктабан — қорғасын құйылған салмақты сақа асық.
Топай — сиырдың асығы. Жабай — ірі асықты айтады.
Қолқар — арқардың асығы