Текст
21 желтоқсанда ✓7 мектеп-лицейінде 5,6 сыныптар үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық туры өтті. Біздің мектептен 12 адам қатысты, олардың екеуі жүлделі орындарға ие болды: Әмірбек Аяулым - 5 сынып ағылшын тілі пәні бойынша 3 орын және Қанатқызы Жанель 6 сынып жаратылыстану пәні бойынша 2 орын. Олимпиада жеңімпаздары мен олардың жетекшілерін Сейітова Гүлнара Байтасқызы мен Бурумбаева Меруерт Жасуланқызын құттықтаймыз.