Оқжетпес орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары арасында «Қощ келдің 2020 жаңа жыл» ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікке оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Оқушылар шыршаны айналып жаңа жылдық әндерді тамаша орындады. Даярлық тобы «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін көрсетті. Мерекеге бастауыш сынып мұғалімдері мальвина, мыстан кемпір, буратино, тышқан, доңыз кейіпкерлерін сомдап мерекені ертегі түрінде өткізді. Көптен күткен Аяз ата мен Ақшақарды сүйкімді бұғыға жегілген әдемі, сиқырлы шанасымен оқушылар қарсы алды. Оқушылардың мерекеге дайындықтары өте жақсы. 1-сынып оқушылар «Шырша» биін әдемі биледі. 2- сынып оқушылары «Қуыршақтар» биін керемет билеп ата-аналарын қуанышқа бөледі. 3-сынып оқушылары «Қаршықтар» биін тамаша биледі. Мерекеде «Арам зам, зам» биі, «Үйректер» биі барлық оқушылар Аяз атамен биледі. Сондай-ақ, Аяз ата «Тоңдырамын» ойынын ойнатып оқушыларды қызыққа бөледі. Ақшақар мен Мальвина «Қаршықтар» ойынын даярлық пен 1-сынып оқушыларымен ойнады. 4-сынып оқушыларының орындауында «Аяз ата» және «Микки Маус» биін барлық оқушылар қайталап бірге биледі. Мерекеде даярлық пен 1-сынып оқушылары Аяз ата мен Ақшақарға жаңа жылдық тақпақтарын мәнерлеп айтып, сыйлықтарын алды. Жаңа жыл тақырыбына бастауыш сынып оқушылары сурет салып және өз қолдарымен жасаған бұйымдарын жасап байқауға қатысты. Мектебімізде жаңа жылдық көрме ұйымдастырылды. Сурет пен қолөнер бұйымдарын шебер жасаған оқушылар мектеп әкімшілігінің дипломдарымен марапатталды. Мерекені тамашалауға оқушылардың ата-аналары да белсенділік танытты. Шырша мерекесінде «Жаңа жыл»,«Шырша жыры», «Жасыл шырша», «Жаңа жылды қарсы аламын» әндері шыршаны шеңберленіп айнала және би қимылдары арқылы орындалды.
Бастауыш сынып ұстаздары оқушыларға мерекелік көңіл күй сыйлап, оқушылардың ата мен әжелерінің, ата-аналарының ризашылығына бөленді.
Бастауыш сынып мұғалімі: Имаканова К.К