Тәуелсіздік – бұл ата-бабымыздың ғасырлар бойы аңсап, сарыла күткен күні. Тәуелсіздік – бұл
халқымыздың туған жері үшін ақ найзаның ұшымен, ақ балтаның күшімен аянбай
шайқасқан ерен ерлігінің арқасы. Тәуелсіздік – бұл ата-бабаымыздың бізге
қалдырған асыл мұрасы, баға жетпес байлығы. Тәуелсіздік жолында қаншама
хандарымыз, батырларымыз, ерлеріміз жанын құрбан еткен. Олардың бар арманы,
мақсаты – елін, жерін сақтап, азаттыққа қол жеткізіп, келешек ұрпағының
тәуелсіз елде өсіп өркендеуін қамтамасыз ету еді.
«Балбөбек» шағын орталығында өткен ертеңгіліктің ең басты тақырыбы осы болды. Тәуелсіздігімізге
биыл 25 жыл толуына байланысты мерекелік – салтанатты шара аталып өтті.
Ертеңгілікте алдымен балалар Қазақстан Республикасының Әнұраның шырқады.
Балалар бойындағы бар өнерлерін салды. Топ тәрбиешісімен патриоттық сезімді
оятар жоғарыдағыдай әңгілер, әндер мен өлендер, тақырыпқа сәйкес қойылым
ұйымдастырылды.
Азаттық жолында қазақ даласында қаншама шайқастар,
көтерілістер болды. Олардың әрқайсысы тәуелсіздікке жасалған бір қадам еді. Ал
соңғы қадам- «Желтоқсан оқиғасы» болды. Әбден өзге елдің бодандығында өмір
сүруден мезі болған жастарымыздың көтерілуіне Кеңес үкіметінің елімізді
басқаруға Колбинді әкеліп қоюы түрткі болды. 1986 жығы көтеріліс аяусыз
жаншылды Кеңес үкіметі бұл көтерілісті «қазақ ұлтшылдыының көрінісі» деп
бағалады. Каһарман Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асанованың ержүрек ерліктері
тарихымыздың бетіне алтын әріптермен жазылды. Осының барлығын келе жатқан
жасөспірімдерге айтып жеткізу біздің міндетіміз.