Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі. Наурыз
- адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын Шаруа мерекесі. Наурыз - әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын Сенім мерекесі. Наурыз – жеті дәмнен Наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне
дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын Ынтымақ-бірлік мерекесі. Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.
Оқжетпес орта мектебінде наурыздың 18 жұлдызында 5- 11 сыныптар арасында Наурыз мерекесі
өткізілді. Мерекеде қазақтың ұлттық дәстүрлері көрсетілді, әртүрлі ұлттық ойындар көрсетіліп, би билеп,
өлеңдер шырқалды, дастархан жайылды. Наурыз мерекесі берекелі, татулы, бір шаңырақтың астында өтті. Наурыз мерекесі құтты болсын, ақ мол болсын!