Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік – биік шыңдарым да әдемі.
Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі.
Иә, бұл өлең жолдары біздің ғаламшарымыз Жер туралы. Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-қалды суреттеуге ұлы Абай атамызда көптеген өлеңдері арналған және бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан - жақты жырлаған ақын болған емес.
Жер күнін барлық әлем секілді біз де сәуірдің 22 жұлдызында атап өттік. Мектепішілік салтанатты жиын өткізіп, ұнқағаздар жасадық. Салтанатты жиында балалар тақпақтарын, әндерін, айтып, балармен ойындар өткізді.
Салтанатты жиын ойдағыдай өтті.Салтанатты жиынды мына ұран сөздерімен аяқтатдық: «Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік, бір ағаш егейік. Текке отырмай жасымыз бен кәріміз, таза ауа үшін терімізді төгейік» және «Табиғат сені сүйеміз,»Басымызды иеміз!».
«Орман көп болса,олжаң көп»-дегендей, сынып балаларымен мектеп алаңына өз ағашымызды
отырғыздық. Балалар барлық ынтамен, қуанышпен, қызығушылықпен ағаш отырғызу шарасына қатысты. Жас бұтақ ағашқа су құйып отыру балалар үшін бір керемет сәттер болып шықты. Жас талымыз бүгінде жайқалып өсіп келеді. Ал балалар күнде оған қамқорлықпен су құйып жүр. Бұндай іс-шаралар баланы Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен
қарауға жетелейді, шығармашылық қабілеттерін дамытады, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін
дамытады және мейірімділік, адамгершілік, ізгілік қасиеттеріне тәрбиелейді.