"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8-11 сынып оқушылары арасында І облыстық "Марфуға Бектемірова оқулары" байқауы

08.10.2025

30 қыркүйек күні Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, №4 арнайы мектеп интернатының базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында І облыстық "Марфуға Бектемірова оқулары" байқауы өтті.
"Марфуға Бектемірова оқулары" байқауының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу. Мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. 
Бұл байқауға Бурабай ауданының оқушылары белсене қатысып, өздерінің өнері мен білімдерін ортаға салды. Ақтық кезеңде бар күш-жігерлерін жұмсай отырып, үздік нәтижелерге қол жеткізді және жүлделі орындарға ие болды. Байқау 3 номинация бойынша өткізілді. "Жырым оны айтпаса, кім айтады?"  номинациясы бойынша Сатылхан Абдулла - Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Просмотров: 805


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст