Текст
Оқжетпес орта мектебінің 1 «Ә» сынып оқушылары наурыз айында өткен Халықаралық «Пони»
сайысына қатысты. Оқушылар қызықты танымдық тапсырмалар орындады. Сайысқа алты
оқушы қатысып, үш оқушы жеңімпаз атанды. Тапсырманы өте жақсы орындаған Маратұлы Расул, Кәріп Кенесары және Қалиақбар Шыңғыс «Жеңімпаз атауы» бойынша дипломмен марапатталды. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын сапалы жүргізгені үшін сынып жетекшісі Имаканова Кульмайра Кошановна дипломмен марапатталды.