17 мамыр Ел Ордамыз Астанада Халықаралық Академияның ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мақтанышы – 2017» атауымен дарынды балаларға арналған слет өтті. Халықаралық, Республикалық және облыстық олимпиада, интеллектуалдық-шығармашылық сайыстардың жоғары жетістіктері және спорттық көрсеткіштерінің жоғары деңгейдегі дарынды балалар қатысты. Бұл слетқа еліміздің барлық аймақтарынан қатысушылар келді. Осы байқауға Оқжетпес орта мектебінің 1 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Оқушылар
«Астана –арман қала» тақырыбында эссе жазып, тест тапсырмасын орындады. Халықаралық Академияның доценті Т.М Төремұратов 1 «Ә» сынып оқушылары Еркебай Әмір, Кәріп Кенесары және Маратұлы Расулды медальмен, ата-аналарын алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар Оқжетпес орта мектебінің директоры Тасыбаева Ақторғай Мауленовнаға ғылымға деген сүйіспеншілігі, көшбасшылық қабілеті мен өз қызметінің білікті және іскер
маманы, еңбекқор және жас жеткіншектердің оқу-тәрбиесіне үлкен үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапаттады. Сынып жетекшісі Имаканова Кульмайра Кошановна оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, жоғарғы жетістікке жетелегені үшін мадақтамаға ие болды. Оқушыларға биік белестен көріне беруіне тілектеспіз.