«Парктер шеруі»
2017 жылдың 30 мамырында «Парктер шеруі» акциясын «Оқжетпес» МҮ тазалық және проблемалық мәселелеріне жастарды және жалпы жұртшылықты тарту мақсатында өткізілді.
«Бұл ерекше мереке, табиғат мерекесі болып табылады. Бурабай - жер шарының ең сұлу нүктелерінің бірі болып табылады. «Парктер шеруі» 2002 жылдан бастап өткізіліп келеді, үш аудынның орта және бастауыш мектептерінен ондаған оқушылар қатысады: Бурабай, Еңбекшілдер және Бұланды аудандары», - МҰТП Бурабай директоры Әліби Ғазиз сұхбатынан цитата.
Сонымен қатар сырттай сайыстар болды: «ЭКСПО-2017 эмблемасы», «Мектеп орманшылығының
презентациясы және Портфолиосы» және «Туған жер фотосуреттер үздік коллаж», «Ұлттық парк туралы жариялым», және ең маңызды жарыстардың бірі «Парктер Мырзасы және Ханшайымы».
Қазылар алқасының шешімі бойынша, «Парктер шеруінің мырзасы» Оқжетпес орта мектебінің 3 сынып
оқушысы Билялов Нұрдәулет болды, және «Парктер шеруінің кішкентай ханшайымы» 3-сынып оқушысы Балабеков Мөлдір жеңіске жетті. Сырттай жарыстарға қатысты балалар, белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, оқушылар жүлдегерлері болды: Седенкова Анастасия, үшінші сынып оқушысы байқауына өзінің
«Туған жер суреттер үздік коллаж» мадақтамасымен үшінші орынды иеленді.