Текст
2017 жылдың 8 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін тіл апталығы басталды. 8 қыркүйек күні апталықтың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында мектеп директоры А.М. Тасыбаева апталықтың ашылуымен құттықтап, апталық жоспарымен таныстырды. Апталықтың ашылуында «Сюрприз» би тобы мен домбырашылар тобының өнерлерін тамашаладық. Қазақ тілі мен ағылшын тілі мұғалімдері оқушылар арасында ойын ойнатты. 2 сынып оқушысы Чаленко Дмитрий үш тілде өлең оқыды.