"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

18.10.2017

 Балалар –еліміздің бүгіні мен ертеңі, мемлекетмізідің басты байлығы, әрі тірегі. Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда мектеп орманшылықтары, экологиялық және өлкетану үйірмелері оқушылардың кәсіби бағыты ретінде қарастырылады.    Қазанның 13-15 күндері аралығында  Щучье қаласындағы орман шаруашылығы мен

экология колледжінің  қабырғасында  Ақмола облысының білім басқармасы ұйымдастырған  «Қазақстан менің елім» жас экологтар мен өлкетанушылардың  VIII облыстық форумы өтті.  Бұл  форумға 20 мектеп орманшылықтары

қатысты.  Форум бағдарламасы он сайыстың түрін қамтыды. Әр мектептен келген жас орманшылар  сайыстың әр кезеңіне  жауапкершілікпен дайындалып, осы  салада атқарып жүрген іс-шараларымен таныстырып, есеп берді. Әр топ өздерін таныстырып, білімдерін ұштай түсті.   Бұл форум балалардың арасындағы рухани қарым-қатынасты нығайта түсті. Әр мектеп орманшылығы таптырмас тәжірибе алмасты.  Форумға белсене қатысқан біздің мектеп орманшылығы да құр алақан қалған жоқ.  «Үздік үгітбригада» номинациясында 3 орынды иеленіп, белсенді қатысқаны үшін мадақтама алдық. Сонымен қатар форум ұйымдастырушылары мектеп орманшылықтарының  жетекшілерін де  алғыс хатпен  марапаттады.

     Өскелең ұрпақты өз өлкесінің  табиғи мұрасын сақтау мен зерттеуге, экологиялық мәдениетін қалыптастыруына, азаматтық жауапкершілігі мен  патриотизм сезімін дамытуда  білім мекемелері мен ұстаздар аянбай еңбектенулері керек.  Сондықтан да бұндай форумдардың ұйымдастырылуы  өте  маңызды.   

Просмотров: 498


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст