Текст
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүсең, менше сүй, -
демекші 2017 жылдың 28 қазанында Щучинск қаласы №9 мектеп- гимназиясының қабырғасында мектепалды даярлық сыныптарының арасында аудандық «Әнші балапан» сайысы өтті. 14 мектеп оқушылары бақ сынысты.
Мектебіміздің намысын қорғаған Кәріп Аяулым озып шығып I- орынға ие болды.
Аяулымға болашақта биік белестерден көріне бер! Жұлдызың жарқырай берсің дегіміз керек.