"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.11.2017

Кітап – біздің асып-таспайтын асыл досымыз. Француз философы Дени Дедро: «Кітап оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» деген екен.  Технология атаулы қанша дамып жатыр десек те, қай заманда болмасын  кітаптың орны биік тұрары сөзсіз. Алайда,  қазіргі  кезде  кітапхана мен кітап дүкендеріне барудан   қалып  бара  жатқанымыз  өтірік  емес. Біріне уақыт сылтау болса, екіншісіне қалтамыздың көтере бермейтіндігі сылтау. Ал, бұл екі сылтауға да кедергі бола алатын «кітап сыйлау» немесе «кітап алмастыру»  жобасы туралы естуіңіз бар ма?  Толығырақ айтқанда, жобаның  негізгі атауы «Буккроссинг» деп аталады. «Буккросинг» қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста  жүруі»  деген мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш рет ойлап тапқан ғалым – Рон Хорнбэкер. Ол 2001 жылы көпшілік жүретін жерде мынадай жазуы бар кітапты қалдырып кеткен екен: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес, оның бұрынғы иесін мына сайтқа кіріп біле аласыз. Кітапты оқып біткесін, оны әрі қарай саяхаттауға жіберуіңізге болады». Жазылған хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң, сайтқа кірушілер саны артып, қазір «Bookcrossing» сөзі  Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізіліпті. Ал, Қазақстанда «Буккроссинг» акциясы 2005 жылдан бастау алыпты.  Бүгінде  Оқжетпес  орта мектебінде да аталмыш жоба дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатыр. Бұл жобаның  басты мақсаты – оқушылардың  кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сол мақсатта буккроссинг сөрелері ұйымдастырылды. «Өзің оқыдың – басқаға бер» қағидасына негізделген, буккроссинг жүйесі қарапайым іс-әрекеттен тұрады. Жобаға қатысушылар оқыған кітаптарын кітап сөресіне қойып, кітап алмасып отырады.

Просмотров: 784


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст