«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Оқжетпес орта мектебінде Еңбек ардагерлерімен кездесу: Ахметова Людмила Григорьевна–Зеленый Бор ауылының тұрғыны, Муканова
Балхадиша Нахановна –Окжетпес ауылының тұрғыны. Кездесуге 5-8 сынып оқушылары қатысты. Кездесуді орыс тілі пәнінің мұғалімі А.К. Кулбулдинова мен мектептің кітапханашысы Шидловская В.Ф. ашты, Оқжетпес ауылының тарихы мен Зеленный Бор ауылының тарихы туралы әңгімелеп берді. 4-сынып
оқушылары Отан туралы өлеңдер оқыды. Содан кейін Ахметова Л.Г.-ге сөз берілді, ол мектеп және студенттік өмірі туралы айтты, оның жұмыс туралы, Щучинск қаласының құс фабрикасы туралы айтып берді, онда ол ұзақ уақыт бойы бас технолог болып жұмыс атқарыпты. Оқушыларға өзінің марапаттамалары туралы айтты, ол Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері екендігін айтты. Содан кейін Мұқанова Б.Н. өзінің еңбек өмірі туралы әңгімелеп берді. Оқушылар қызықты сұрақтар қойды. Дөңгелек үстелді мектеп директор А.Тасымбаева қорытындылады.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары мектеп мұражайына барды.