Қарашаның 24 жұлдызында қалалық мәдениет үйінде керемет «Жас Ару-2017» атты бүлдіршіндерге арналған сайыс өтті. Сайысқа аудан мектептерінен жеті , он екі аралығында 16 қыз бала қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды: 1. Өзін-өзі таныстыру 2.Өз өнерін көрсету. 3.Салт-дәстүр көрсету. 4. «Астана қаласына 20 жыл» атты тақырыппен сән үлгісін көрсету.
Аталған сайыстарға қатысып өз өнерін көрсетіп келген біздің 4 «Ә» сыныптың оқушысы Балабек Мөлдір. Ол өзін керемет таныстырып, домбырада халық әнін өте жақсы орындап берді. Содан кейін «Байғазы» дәстүрін көрсетіп, «Бәйтерек» киім үлгісін киіп, сән көрсетті. Қолынан қыран құсты ұшырғандай боп, сахна төрінде әдемі жүре білді.
Сайыс қорытындысы бойынша «Жас Ару-2017» атағын бір қатысушы ғана иеленіп, қалғаны номинацияларға ие болды. МҮ әкімшілігі бағалы сыйлар мен мадақтамалармен марапаттады . Балабек Мөлдіріміз «Құралай қыз, қолаң шаш» атты номинацияның жүлдегері болды.
Балабек Мөлдірге үлкен алғыс айтып, болашақта осындай белестерден аман*-есен көріне беруіне
тілектеспіз.