Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін,
Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.
Мерейі үстем мерекең болсын құтты,
Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін –дей келе, Оқжетпес орта мектебінде Тәуелсіздік күніне орай болған керемет ертеңгілік болғанын мәлімдейміз. Тақырыбы: «Тәуелсіздік – азаттығым, бақ күнім» Бұл шараны бастауыш сыныптар арасында өткізген Джуматаева Акмарал Болегеновна.
Ертеңгілік басынан аяғына дейін жүйелі ойластырылып, патриоттық рухты көтеруге мақсатталған. Ақмарал Болегеновна оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өткенге шағын шолу жасады. Ертеңгілік барысында қызықты, иетеллектуалдық ойындар да, әндер де, билер де болды. Мерекеге жауапты әрі ұйымдастырушы Акмарал Бөлегеновна 2 сыныптың балаларын билетіп, сахналық киімдерін де өз қолымен тігіп, мерекені жандандыра түсті. 1 сынып бүлдіршіндері тәуелсіздік тақырыбында тақпақтарын айтса, 3 сынып би билеп, 4 сынып оқушылары керемет әндер шырқады. 2 сыныптың оқушылары Қуандық Рахымның «Мен қазақпын» атты әнін шырқап, «Тәуелсіздік таңы» атты биін керемет билеп берді. Мерекені «Тәуелсіздік, жаса!» атты әнді хормен аяқтады.
Мереке шың мәнінде жоғары деңгейде өтті деуге болады. Ұйымдастырушының дайындығы үшін алғысымыз шексіз. Осындай мерекелерік іс-шаралардың балаға, оның ата-анасына берер тәрбиесі мол. Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сана-сезімді, отанға деген сүйіспеншілікті, өткенге тағзымды, құрметті, тілге деген мәртебені, «қазақ» деген болмысына мақтаныш сезімді- біздер мектеп, ұстаздар, ата-аналар дәріптеуіміз керек.
Мектеп әкімшілігі