Текст
Оқжетпес орта мектебінде жеке жоспар бойынша «Құстарды қыста тамақтандыру» акциясы өткізіліп жатыр. Бұл акцияға 4 қазақ сынып оқушылары қатысып, құстарды тамақтандырды. Бұндай іс-шаралар оқушылардың
бойындағы қамқорлық пен табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелейді. Қоршаған ортамен тікелей байланысқа түсіп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіреді.