Жолдау еліміздің Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналып отыр», Бұл жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындады. Бүгін әлемде Төртінші өнеркісптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және
әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер қадам басып келеді. Елбасымыз болашақта жүзеге асырылуы тиіс 10 негізгі міндетті атап көрсетті.
Тарих пәні мұғалімі жолдаудың әр бөліміне тоқталды. Қазақстан озық дамыған 30 елдің қатарына ену
мақсатын іске асыруда. Мемлекет басшысы адамзат жаңа өндірістік төңкеріс дәуіріне аяқ басып жатқанына тоқталды.
«Заманауи технологиялар әлемді өзгертуде. Жаһандық технологиялық өзгерістер өзімен бірге жаңа белестер мен өсімнің жаңа мүмкіндіктерін алып келеді. Бұл біздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енудегі тарихи мүмкіндігіміз». Осы орайда 100 нақты қадам –Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Бұл жоспардың бүгінгі таңда 60 қадамы орындалды. Сонымен қатар «Цифрлік Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. ҚР 2025 жылға
дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалынды. Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын
жаңарту керек. «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет.Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді.
Н. Назарбаев жолдауының соңында Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.