"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12.01.2018

«Мен қазақпынбиікпін,  байтақ,елмін

Қайта тудым өмірге,қайта келдім

Мен мыңда біртірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді,айта бергім»

             Туған жер...Бұл сөзде қаншама сезім, қаншама адалдық, қаншама махаббат бар. Сол сезімдер жанымды керней түсетіндей. Туған жердің әр бір тасы мен тауы, орманы, көлі мен үшін өте бағалы.Ту.ан жерімнің тұнық көлі, жазира даласы жанымды тыныштыққа бөлейді. Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы –бүгінгі таңда даму

жағынан көптеген елдерден алдыңғы қатарда келеді. Мұңың басты себебі еліміздегі жанашыр, әрі өз Отанының шын патриоттарының жасаған еңбектерінің жемісі деп білемін. 

           Ал 1991- жылы еліміз өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл желтоқсан оқиғасымен тығыз байланысты. Себебі, егер біздің жастарымыз сол алғашқы қадамды жасамағанда, еліміз тәуелді күйенде қала берер ма еді? Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мухамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды жастарымыз еліміз үшін күрескен күн біз үшін санамыздағы өшпес із.

Ел болдық, ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз Отанымның шежіресі,

Нұр атамның атымен басталады – демекші, Елбасымыз

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атқарған жұмыстары арқасында еліміз бүгінгі таңда біз дамыған елдермен терезесі тең, тұғыры биік мемлекетпіз деуге болады.

      Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестейді.Біз – халқымыздың үміт артарымыз, елімізді көркейтіп жасартатын да біз-жастар.

Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің.Менің  жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер! Отаным жайлы тебіреніс ойымды өзімнің өлеңіммен аяқтағым келеді:

 

Туған жерім қазақтың кең даласы,

Жырға қосар елімнің әр баласы

Бұл топырақта өсіп өнген ел баласы

Абайдай кемеңгер, ұлы данасы.

Ұландары самғады ғарышқа да,

Тоқтар мен Талғаттай қырандары,

Елі мен жерінің қамын ойлап,

Мұхтар мен Олжастай ағалары

Жанашырлық танытып әрқашанда

Туған жеріне қамқор боп дабыл қағады.

Тәуелсіздік алғанымызға 2 жыл

Еліміздің тәй – тәй басқан қадамы нық,

Халқымыз аман болып көбейсе егер

Басқа елмен халық саны теңесер ек.

 

Рәміздеріміздің қабылданғанына 26 жыл,

Барлығына қуанышты мереке 

бұл.

Шарықтата бер әлемге еліміздің  атын

Қазақ елі ешқашан бұзылмасың қамалың!

 

Көк туым тұғырлы, асқақтығым

Елтаңбам елімнің ғарыш шыным,

Рәміздерім Отанымның шежіресі,

Бұлар менің мақтанышым!

Отанымның желбіресін байрағы

Қалықтасын көк аспанда қыраны

Әдет-ғұрып, салт – дәстүрді сақтаған

Әнұранды мәңгі сақтар ұланы.

 

Елтаңбамыз – қазағымның белгісі,

Тұлпарлары батырлардың серігі.

Елімізде туып – өскен сал – серісі

Астығымыз тоқшылықтың белгісі.

 

Көркейе бер, өркендей бер, туған ел.

Жандана бер, шарықтай бер, туған жер.

Елін сүйген, жерін сүйген ұландар,

Бар әлемге аян етсің елімді.    

Просмотров: 1018


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст