"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.01.2018

Жаңа жыл ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке.  Жаңа жыл ересек адамдың да, балалардың да  ең сүйікті мерекесі. Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды . Жаңа жылда балалар әдемі шырша мен сыйлықтарды асыға күтеді.  Оқжетпес орта  мектебінде  мерекеге  дайындық  бұрын басталды. Мұғалімдер мен оқушылар жаңа

өлеңдер, жаңа жыл тақырыбы бойынша әңгімелер жүргізді,  жаңа жылға байланысты әр халықтың  салт- дәстүрлерімен  танысып, өлеңдер оқып, ән  шырқап, би биледі. Оқушылар мектеп кабинеттерін  безендірумен қатар  жаңа жылдық тақырыпта көрме ұйымдастырып, мектеп алдында Аяз Ата мен Ақшақар мүсіндерін жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Залдың ортасында әсем безендірілген биік шырша орнатылды. Облыстық,

аудандық деңгейдегі байқаулар мен жарыстарда жүлделі орындарға ие болған оқушылар Мейрамбай Мади, Хасенова Газиза и Руденко Дмитрий аудан әкімінің қатысуымен «Балдәурен» атты  Республикалық оқу- сауықтыру орталығында өткен жаңа жылдық  мерекесінің қатысушылары болды. Оқушылар ертегі әлемін аралап, тәтті шай ішіп, мерекелік сыйлық алып, қуанышқа бөленіп келді. Тамаша мерекелік шараны ұйымдастырып өткізген үшін шексіз

алғысымызды  Бурабай ауданының білім бөлімі мен басшысы Төлегенов Ж.М. білдіреміз.

Мереке қарсаңында 34 мектеп оқушысы Оқжетпес ауылының Мәдениет үйінде өткен Бурабай кенті әкімі ұйымдастырған мерекелік шыршаны тамашалап келді.  Мектеп мұғалімдері де Имаканова Г.К., Баяубаева Ж.А., Полиенко С.А., Билялова Б.Ж., Темірғалиқызы Г., Осипенко О.Н. мектепішілік жаңа жылдық мерекелерді де өте қызықты, ерекше көңілді өткізді. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді.  Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып,   би биледі. Аяз ата мен Ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым

өте жақсы көңіл күйде болды.

Жаңа жылдық   мереке  іс- шараларды  өткізуде  демеушілік көмек көрсеткен үшін  Бурабай кенті   әкімдігі  (Темербеков Ш.Н.),  «Бурабай»  МҰТП (Ғазиз Ә.), «Береке-Бурабай» ЖШС  (Быцань С.И.), «Жумбактас» ЖШС (Нуркенова М.Ж.), "Облыстық  "Бурабай" бронхо- өкпежүйесі  аурулары  бар балаларға  арналған шипажайы" ММ  (Рахматуллин Х.Р.) «Квинт»  ЖШС (Чаленко А.И.), ЖК  Юдина Л.Н. ерекше алғыс айтамыз.

Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік  болсын!

Просмотров: 477


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст