"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.01.2018

Тәрбие сағаты: Астана – жас қала.

2 «Ә»сынып Имаканова К.К

Оқжетпес орта мектебі

Мұғалім сөзі: Астана бар әлемді елеңдетті,

Тамырын Бәйтеректе тереңдетті.

 Аз жылда жаңа Астана салып алдық,

Қай халық көрді мұндай кереметті.

  Еліміздіздің президенті Н. Назарбаевтың Астана жарқын келбетті әсем болуына қосқан  үлесі, еңбегі өте зор.

Кенесары: Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында әлемді өзіне қаратқан жаңа қала бой көтерді. Ол біздің Елордамыз – Астана.

 Еркеназ: Астана – Қазақстан Республикасының Елордасы. Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде

орналасқан. Осы жылғы 6 шілдеде Астананың 15 жылдығы аталып өтті.

       Астана – еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Біз – осы елдің болашақ патриотымыз.

Ендеше Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік.

  Айым : Астана арман қала,

Бағы бар жанған қала.

Тұрады ол жап- жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Астан сұлу қала,

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да.

Аружан

Сәулесі түскен Есілге,

Сарыарқа төсінде армандай әсем қала бар,

Бір көрсең, мәңгі қалар есіңде.

Астанам, саған табынам,

Аңсаймын, сағынам.

Шыңғыс: Таңдарың қандай жарқын,

Жандарың қандай алтын,

Бақытқа бастаған Астанам,

Биікке болсын байрағың.

Айнұр : Мақтаным айбарым,

Күн өткен сайын құлпырып,

Көктемгі әсем гүлдей жайнаған.

Елордам менің еңселі,

Ерліктің өлшемі.

Арудай қала, аяулым,

Мәңгілік сүйіп өтем сені.

  Астана тура бейнеролик көрсету

Астана тарихының беттерінен...

  Ø 1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

Ø 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.

Ø 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен    елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы

шешім қабылдады.

  Ø 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

Ø 1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

Астана: Әні орындалады.

Оқушылардың Астана туралы салған суретерін көрсетіп, әңгімелеп береді.

  Ердаулет : Есіл өзені қаланы екіге  бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында көбіне тұрғын үйлер орналасқан, ал сол жағалауы жалпы Қазақстанның саяси орталығы болып табылады.

Расул: Есіл өзенінің сол жағалауында Президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, Конгресс холл, тағы басқа негізгі экономикалық, саяси орталықтар орналасқан.

Мұғалім: есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. Бәйтерек «Ер Төстік» оқиғасы желісімен өрілген. Ер Төстік қиын қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таңданады. Төсесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болады. 

Әмір : Астана Бәйтерек үш бөліктен – тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үшбұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс.  Бәйтеректің биіктігі 97 метр.

Әсия:

Қазағым қара орманым, байтақ елім,

Жақсыны жаманды да байқап едің.

Асырған мерейіңді асқақтатып,

Елбасы – бойлап өскен Бәйтерегің.

Нұрсұлтан – ел тірегі, алтын діңгек,

Алыптың халқы ғана нарқын білмек,

Қазағым шаттанатын кезің келді,

Алашқа қорған болар ұл тудым деп.

 

Шапағат: кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі елбасының арқасы.

Ильнура: шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлаған,

Елімнің бар президенті.

 

Асанали:

Туған елдің көркі неткен ғажайып,

Дала күйін шертейік.

Жерұйығы Сарыарқаның даласы,

Арман құсы Астанаға қарашы.

 

Астананың төрінде,

Сарыарқаның өрінде.

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам бас қалам.

Кенесары

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған, халқың жетсін мұратқа,

Ей, бас қала Астана.

Еркеназ

Асқақтай бер Астана

Берекеге бастаған

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған.

Айым

Отан – менің ата-анам,

Отан- досым, бауырым.

Отан – өлкем, Астанам,

Отан – туған ауылым.

Ханшатыр:

“Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен біргеғ имараттың барлық

қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, су бұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.

  Шыңғыс: «Қазақ елі» монументі – қазақ елінің 91-жылы алған тәуелсіздігі мен алдына қойған арман- мақсатының символы.

Монументтің  91 м биіктігі тәуелсіздікке қол жеткізген жылды құрмет тұту мақсатында тағайындалған.

Шапағат:

«Бейбітшілік пен келісім» сарайы әйгілі сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша жасалған пирамида ашылды. Мұнда мәдениет мұражайы бар., Өркениеттер университеті де 1500 орындық Опера театры да орналсқан. Оның

құрылысының салу идеясының авторы: Н. Назарбаев.

Аружан: мен өзімнің Қазақстандай елде, туылып, осындай елде өсіп келе жатқанымды мақтан етемін. Жарқын болашақ күтіп тұрған менің елімде терең білім алып, Отаныма адал қызмет етіп, елімнің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.

 Презентация көрсету

  Отан, туған жер, тақырыбына мақал мәтел жарысы.

Бурабай жерінің табиғаты сұлу, сүйкімді. Біздің елімізге келешекте не салуға болады?

Өз жобаларын қорғайды.

  Астана әні

Абылай хан үш арманым бар еді:

Үш жүздің басын қостым, бірақ  қала салып, жеке мемлекет болса екен деген арманыма жете алмадым деген екен осы арманын біздің президентміз ойдағыдан да жоғары орындады.

Аяулым

Киелі менің Елордам,

Арудай сұлу таранған.

Береке бірлік достықтың,

Асанали

Тұнығынан нәр алған.

Жайнай бер жаңа астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам.

Ынтымақтың тербеп бесігін.

 Расул: Тәуелсіз ел

көшін бастаған.,

Сәулеңді шаш еліме,

Нұрыңды төк жеріңе,

Киелі менің Елордам,

Бақ болып қонған төріме.

 

Оқушылар тілегі.

– Зәулім биік үйлер, ғимараттар көбейсін.

-  Адамдар жарқын жүзді, бақытты балалар болсын.

-  Ғажайып бағы болсын.

-  Көркейе бер Астана.

- Өсіп өркендей берсін.

- Астана мемлекет дидары бол.

-  Жаса жаңа Астанам,

Жайнай бер жас қала.

-     Тәуелсіздігіміз нығайсын,

Қазақстан жасасын.

Шекарамыз берік болсын

Қазақ елі гүлденсін

-          Еліміз тыныш болсын.

Қорытынды:

-          Астана Ел Ордамызға биыл неше жыл толып отыр?

-         Қандай зәулім ғимараттар бар?

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 919


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст