Сабақтың тақырыбы: Отан үшін аянба.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Күні: Имаканова К.К | ||||
СЫНЫП: 2 Дүниетану 1 тоқсан |
Қатысқан оқушылар саны: 13
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0 | |||
Ортақ тақырып |
Менің отбасым және достарым | ||||
Бағдарламаның бөліміне сілтеме |
1.5. Құқық және міндет | ||||
Жалпы мақсаты |
2.1.5.2.Қоғамға қызмет етудің мағынасын түсіндіру. | ||||
Күтілетін нәтижелер |
Оқушылар: - мұғалімнің жоспары, оқулық тапсырмалары және жұмыс дәптерінің нұсқаулықтары бойынша әрекет етеді; - мұғалімнің бағыт-бағдарымен оқулықтың мәтіні және суреттерінен қажетті ақпаратты алады; - «қызмет ету» түсінігінің мағынасын түсінеді; - қоғамға қызмет етудің мән-мағынасын түсіндіреді; - іс-әрекеттерінде қамқорлық белгілерін көрсетеді; - сабақтың білімдік міндеттерін түсінеді, оны орындайды және сабақтағы жетістіктеріне ой қорытады; - Сөздік қорын жәрдем –помощь – help сөздерімен толықтырады. | ||||
Жетістік өлшемдері |
Оқушы мақсатына жетеді, егер: - мұғалімнің тапсырмалары, оқулықтың және жұмыс дәптерінің нұсқаулықтарымен өзіндік әркет етсе; - оқулықтың мәтіні мен суреттерінен қажетті ақпарат ала алса; - сабақтың білімдік міндеттерін түсінсе және оны орындаса, сабақта жеткен жетістіктеріне ой түйіндесе; - «қызмет ету» түсінігінің маңызын түсіндіре білсе; - қоғамға қызмет етудің маңызын түсіндірсе, өмірден мысалдар келтірсе; - өз әрекеттерінде қамқорлық белгілерін көрсетсе; - топтық және жұптық жұмыстарға белсенді қатысса. Оқушы мақсатына жетуге тырысады, егер: - мұғалімнің жоспары, оқулық тапсырмалары және жұмыс дәптерінің нұсқаулықтары бойынша әрекет етсе; - мұғалімнің бағыттауы бойынша оқулықтың мәтіні және суреттерінен қажетті ақпаратты алса; - сабақтың білімдік міндеттерін түсінсе, оны орындауға тырысса және сабақтағы жетістіктерінен ой қорытса; - «қызмет ету» түсінігінің мағынасын түсінсе; - қоғамға қызмет етудің мазмұнын түсіндірсе; - оқулық мәтінінің материалдары бойынша өз өмірімен құқық пен міндеттердің мысалдарын келтірсе. -
| ||||
Оқытудың әдіс-тәсілдері |
Әңгімелесу, оқулықпен жұмыс, өзіндік жұмыс, дидактикалық ойын. | ||||
Көрнекі-құралдар |
Мұғалімге: компьютер, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің, Қ.Сәтбаевтың, Б. Момышұлының суреттері. Жәрдем сөзі жазылған тақтайша. Оқушыға: оқулық, жұмыс дәптері. | ||||
Кілттік сөздер және ой-пікірлер |
Қоғамға қызмет ету – әр адамның борышы. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың жоспары | |||||
Уақыт |
Сабақтың өту кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әркеті
|
Оқушының іс-әрекеті | ||
2 мин |
Ұйымдастыру |
Оқушылармен салемдеседі: «Салеметсіздер ме, балалар!» Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, Пайда аларсың, қаужанарсың, таймасаң. |
Мұғаліммен сәлемдеседі: «Салеметсіз бе!» | ||
1 мин |
Сабақтың мақсатын қою |
«Құмырсқа» стратегиясы. Тақырыпқа қатысты мұғалім әр топтан бір оқушыға сурет береді сол суретті тобына жасырады. Бұл мамандық иелері бойынша дәрігер, құрылысшы, аспаз қызметін табады. |
Сабақтың тақырыбын оқиды. Өз көзқарастарын білдіреді. | ||
5 мин |
Үй тапсырмасын тексеру |
Өткен сабақ бойынша сұрақ. Қоғамдық орындарға не жатады? |
Оқушылар жауаптары тыңдалады. | ||
10 мин |
Жаңа білімдерді меңгеру
|
Сұрақтарға жауап беріңдер. - Отан дегеніміз не? - Отан деп табиғаты, сол елдің адамдарын айтса бола ма? - өз еліне жан-тәнімен берілген адамды қалай атаймыз? - Өз еліне деген махаббатты қалай білдіруге болады? Оқулықпен жұмыс. Мәтіннің бірінші бөлімін фронталды оқуды және оқулықтың сұрақтары бойынша талқылауды ұйымдастырады. - Мәтінді оқып, суреттерді қараңдар. Суреттерден кімдерді көрдіңдер? Қоғам үшін олардың істері жайлы не білесіңдер?
Оқушылардың қорытындыларын тыңдайды. Басқа адамдарға ерікті түрде көмек қолын созу қоғамға, Отанға деген махаббатты білдіреді. |
Сұрақтарға жауап береді. Мұғалімнің жетекшілігімен тізбек бойынша мәтінді оқиды. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Мәтіннің бірінші бөлімін оқиды. А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Б. Момышұлының суреттерін қарайды. Олар туралы білетіндерін айтады.
Қорытындылайды. | ||
5 мин |
Жаңа материалды түсінуді тексеру |
Жұмыс дәптеріндегі А, в тапсырмаларының орындалуын, жұмыстың нәтижелерін көрсетілімін, бағалауды «арақатынас өлшемі бойынша оқулықтың анықтамасын) ұйымдастырады. |
Жұмыс дәптеріндегі А, В тапсырмаларын орындайды. Өз жауаптарын оқиды, сыныптағы жұмыстармен салыстырады. | ||
10 мин |
Жаңа материалды бекіту |
Топ ішіндегі жұмысты ұйымдастырады. Мәтіннің екніші бөлімін оқу және сұрақтарды талқылау. -Қоғамға қызмет ету деген не? - қарым-қатынасқа мұқтаж адамдарға қалай көмектесесіңдер? - Қоғамға қандай пайда келтіресіңдер? Жұмыс дәптеріндегі С тапсырмасын жұптасып орындаймыз. Орындаған жұмыстардың нәтижелерін ұсынады. Басқа топтардың жұмыстарымен салыстырады. Жаңа сөздерді енгізеді: білетін сөздер мен сөз тіркесін ойластыруды ұсынады. - Балалар, жәрдем сөзіне мән беріңдер. |
Мәтінді оқиды. Сұрақтарды талқылайды. Жұмыс дәптеріндегі С тапсырмасын бірлесіп орындайды. Сыныпқа өз жұмыстарының қорытындысын көрсетеді. Жұптасып орындаған жұмыстың содан соң сыныптың нәтижелерін салыстырады. Талқылайды. Мұғалімнің соңынан жаңа сөздерді қайталайды. | ||
2 мин |
Үй тапсырмасы |
Шығармашылық тапсырма орындау: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Қ. Сәтбаевтың, Б.Момышұлының немесе қоғамға риясыз қызмет еткен басқа да адамдардың өмірі мен қызметі туралы материал жинау. Кітапша жасау. |
Үй тапсырмасын жазып алады. | ||
4 мин |
Рефлексия және бағалау |
Бағалауды және рефлексиялық әңгімелесуді ұйымдастыру: - Бүгінгі сабақтан не білдің? - Сыныптағы достарың мақтауға тұрарлық па? - Сабақта қай досың көмек берді? - Мұғалімді не үшін мақтайсыңдар? «Әліпби –әңгіме стратегиясы. Қазақ тілінің әліпбиіне қарап бүгінгі сабаққа байланысты қандай сөздерді айтуға болады.
|
Сұрақтарға жауап береді. Бағалау: дәптердегі жұмысты орындап, өз әрекеттеріне ой қорытады. Өз таңдауларын түсіндіреді. | ||
2 мин |
Қорытындылау |
Сұрақтар қояды: - Бүгінгі сабақта не білдіңдер? - «Қоғамға қызмет ету» дегеніміз не? |
Сұрақтарға жауап береді. | ||