"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Окжетпес отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»  

СоцСети

    

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

05.02.2018

  Өзін-өзі тану пәнінен «Өзіңді тану – өмірді тану» апталығының ашылу салтанаты.

  Фарида:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! «Өзіңді тану – өмірді тану» апталықтың салтанатты  ашылуына 

қош келдіңіздер.

Диана: Өзі-өзі тану жобасының авторы: Сара Алпысқызы Назарбаева.

Фарида: Мың алғыс Сара Алпызқызына.

Диана: Балаларға бақыт сыйлап, жыр төккен.

Аружан:  Өзін –өзі тану сабағы  – достық

пен мейірімнің бастауы.

Дана:

Достық деген ұғым -  бір-біріңе көмек беру.

Мейірім  дегеніміз - үлкенге де, кішіге де қамқорлық жасау.

Сүйіспеншілік

дегеніміз - Отаныңды,

отбасыңды, достарыңды аялау.

 

Алиана: Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,

Күн күлер мейрімді шуағымен.

Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі,

Өтеді әр адамның жүрегінен.

 

Аружан: Өзіңді тану – ғаламды тану,

Жақсы менен жаманды тану.

Өзіңді өзің талқыға салып,

Жақсылық жасаудан шаршама достым

 

Фарида: Сабақты оқып тәртіпті болу,

Білімді жинап, дүниені шолу.

Өзіңді-өзің тану дегенің,

Өз бойыңдағы мініңді жою.

 

Диана: Өмірге қызыға қараймын,

Барлық бала бақытты деп санаймын.

Бұл пәнді үйренеміз  ерінбей,

Боймыздан жақсы қылықты байқайсыз.

 

Алиана: Кім үлкенді сыйласа

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болар өзі де.

Минура: Қателікті түсіне білу,

Дұрыс жүріп күтіне білу.

Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,

Күлетін жерде жөнімен күлу.

 

Барлығы бірге: Өзін-өзі тану пәні – болашақтың бастауы.

 

 

 

Просмотров: 3052


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст