Бүгін Оқжетпес орта мектебінде Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі аясында және «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Аға буын өкілдері мен өскелең ұрпақ арасында айырмашылық бар ма?» атты тақырыпта пікірталас өткізілді. Аталмыш іс-шараға 9-10 сынып оқушылары қатысты. Айта кететін мәселе, осындай сөз додасын оқушылар өздері ұйымдастырып, өздері төрелік етті. «Самұрық» және «Жәдігер» топтарының
арасындазы пікірталас қорытындысы төреші мырзаның шешімімен тең дәрежеде аяқталды.
Қорыта келгенде, осындай іс-шарларға оқушыларды тарту олардың бойындағы адами қасиеттерді, құндылықтарды сақтаймыз. Өскелең ұрпаққа аға буынның игі жақсылығын үлгі етеміз. Қашанда байрағымыз
жоғары, болашығымыз айқын болсын!
Мектепішілік пікірталас қатысушылары
«Жәдігер» тобы «Самұрық» тобы
Төреші мырза
Парламентария Тайм-кипер